ffin.kz

«Қазақстан құстары» далалық анықтағышы таныстырылды

«Қазақстан құстары»  далалық анықтағышы таныстырылды Қайрат Қоныспаев

Алматыдағы Jusan Vibe галлереясында табиғат пен құстарды сүйетін барлық қазақстандық үшін маңызды оқиға өтті. Қазақстан аумағында мекендейтін құстар туралы деректерді қамтитын қазақ тіліндегі тұңғыш толыққанды анықтағыш «Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» таныстырылды.

Іс-шараны ұйымдастырушылар АСБК («Қазақстандағы биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы» республикалық қоғамдық бірлестігі) — Қазақстандағы жабайы табиғатты 20 жылдан бері ғылыми түрде зерттеп әрі сақтап келе жатқан табиғат қорғау ұйымы.

Бұл кітап бұған дейін Астана қаласындағы кәсіпқой мамандар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне таныстырылған болатын. Енді Алматы қаласындағы мамандардың назарына ұсынылып отыр. Авторлар ұжымы Қазақстандағы құстарды бірнеше жылдан бері зерттеп жүрген кәсіби орнитологтердің қатарына жататын Анатолий Ковшарь, Виктория Ковшарь, Николай Берёзовиков. Ал Вадим Константиновичке  анықтағыштағы құстардың суреттерінің барлығы тиесілі. Анықтағышты қазақ тіліне аударғандар — белгілі кәсіби зоологтар, қазақ тіліндегі зоология оқулықтарының авторлары Бірлікбай Есжанов пен Қылышбек Мұсабеков. Кітаптың қазақ тіліндегі басылымы Қазақстан биоалуантүрлілікті сақтау ассоциациясы жанындағы АСБК баспасында «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жарыққа шықты. 

«Құстар әлемін сүйетіндер үшін бүгін керемет күн. Біздің елдің орнитологтары басқа елдің мамандарынан ерекше. Сонымен қатар бұндай кәсіби мамандар бірен-саран. Ал, біздің алып мемлекет үшін ол өте аз. Дамыған мемлекеттерде құстармен қызығатындардың саны 100 мыңға жуық болса, бізде керісінше аз. Меніңше, бұл кітап орнитологтар мен құстарды сүйетін қауым үшін таптырмас құрал болмақ. Сонымен қатар, 2014 жылға дейін бұндай кітап болған жоқ. Араға 10 жыл салып қазақ тілінің оқырмандарына ұсынылып отыр», – деді кітап авторы Анатолий Ковшарь. Бұл кітап  орнитологтер мен құс бақылаушыларына арналған далалық нұсқаулық болып табылады, ол табиғи мекен ортасында құстарды ажыратып анықтауға арналған. Кітап әрбір құс түрі бірнеше суретпен, таралу картасы және құсты анықтауға арналған белгілердің толық сипаттамасы бар деректермен қамтылған. АСБК анықтағышты ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда, мектептерде және басқа да жерлерде тегін таратуды жоспарлап отыр. Қазақстан аумағында 500-ден астам құс түрі мекендейді, мұндағы құстар далада да, шөлде де, орманда да, таудың бөктері мен биігінде де - табиғи аймақтардың барлығында кездеседі. Еліміздің табиғи ландшафтылардың  әр алуантүрлілігі – қоқиқаз, жорға дуадақ, қара бозторғай, бірқазан, қылаңтөс бұлдырық, орақтұмсық, жұмақ шыбыншы және басқа да таңғажайып құстардың  тұруына мүмкіндік туғызды, ал оларды табиғатта кездестіріп қалу – шынайы құс сүйер жанның арманы.  Әлемнің түкпір-түкпірінен құс бақылаушылар жыл сайын сирек кездесетін құстарды суретке түсіру үшін  арнайы Қазақстанға келеді. Алайда, елімізде құстарға қызығушылық танытатын адамдар әлі де аз.

Ресми тұсау кесер аясында National Geographic Qazaqstan «Қазақстан құстары» атты фотокөрмені көпшілік назарына ұсынды. Көрмеде  еліміздің  кең байтақ аумағында мекен ететін қанаттылар, соның ішінде Қазақстанның «Қызыл кітабына» енген сирек құс түрлері  бейнеленген  фотографтардың үздік жұмыстары көрсетілді. Қонақтар жергілікті фаунаның сұлулығы мен байлығын бейнелейтін керемет суреттерден ләззат алып, биоәртүрлілікті сақтаудың маңыздылығы туралы танымдарын кеңейте алды.

«Қазақстан құстары. Далалық анықтағыш» АСБК «Шеврон» компаниясымен серіктестікте жүзеге асыратын  "Students for Nature" жобасы аясында жарыққа шығып отыр. Students for Nature ол қазақстандық студенттердің табиғатты қорғау саласындағы әлеуетін арттыруға және жаңа білім мен дағдыларды игеруге бағытталған. Соңғы екі жыл ішінде Алматы, Астана, Орал, Атырау және Қостанай қалаларының жоғары оқу орындарында табиғатты қорғау тақырыптары бойынша дәрістер мен практикалық сабақтар өтті. Қызығушылық танытқан студенттер орнитологиялық экскурсияларға және жабайы жануарларға мониторинг жүргізу тренингтеріне белсене қатысты. Бұл шаралар студенттерге табиғатты қорғау саласындағы білімдері мен дағдыларын кеңейтуге, сондай-ақ озық әдістер мен зерттеулермен танысуға мүмкіндік берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32