AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан құрылыс секторына IT-шешімдер енгізуде

Қазақстан құрылыс секторына IT-шешімдер енгізуде

Әлеумет 11.07.2022, 09:39 1,486
Қазақстан құрылыс секторына IT-шешімдер енгізуде
Сурет:Akchabar.kg

Құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге болады.


Қазақстан Үкіметі құрылыс секторына IT-шешімдер енгізуді көздеп отыр, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Ақпараттық модельдердің мемлекеттік банкі құрылыс нысанындағы үрдістерді басқару үшін бірыңғай цифрлық алаңға айналады. Атап айтқанда, аталған жүйе ақпараттық модельдеу технологияларын қолдана отырып, құрылыс объектілерін онлайн-форматта модельдеуге мүмкіндік береді»,- делінген Индустрия және инфрақұрымдылық даму министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында.



Осылайша, мемлекеттік банк платформасында тапсырыс берушілер құрылыс жобасының басқа қатысушыларымен өзара байланыс орната отырып, құрылысқа дайындық үшін қажет сатылардан онлайн режимде өте алады.


Айта кетерлігі, ақпараттық модельдер банкін «Е-Құрылыс» және «Е-Шаңырақ» платформаларымен интеграциялау жоспарланып отыр. Естеріңізге сала кетейік, «Е-Құрылыс» жүйесі құрылыс процестерін барлық кезеңдерде онлайн-режимде бақылауға мүмкіндік береді. Ал, «Е-Шаңырақ» платформасы тұрғын үй қорын басқарудың ашықтығын қамтамасыз етіп, құрылыс саласында мониторинг пен талдау жасайтын субъектілердің бірыңғай жүйесі болып табылады.


Көзделіп отырған жаңа IT-шешім құрылыс жұмыстарын жобалау барысында электрондық құжат айналымына көшуге мүмкіндік береді. Сәйкесінше, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу процесінде барынша ашықтықты қамтамасыз етеді.


Бүгінгі таңда мемлекеттік банк сараптамалық қызмет үшін интеграциялық сервистер мен жүйенің жаңа модульдерін әзірлеудің белсенді кезеңінде. Жобаға қатысушылар салалық бизнес-процестерді, сонымен бірге техникалық талаптарды дайындау үшін деректердің құрылымын талдау жұмыстарына жұмылдырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#құрылыс #Қазақстан #IT
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қанат Бозымбаев Атырау экологиясына қатысты мәселелерді жедел шешуді тапсырды

Кеше 21:31

Алматының Бостандық ауданын көркейтуге 3 млрд теңгеден астам жеке инвестиция тартылды

Кеше 19:46

Бостандық ауданында жаңа скверлер мен жүргіншілер аллеялары салынып жатыр

Кеше 19:44

Бизнес, зауыттар мен тұрғын үй саны артты: Қазақстан жеті жылда қалай өзгерді?

Кеше 19:28

Қасым-Жомарт Тоқаев Astana AI Film Festival халықаралық кинофестивалінің ашылу салтанатына қатысты

Кеше 19:15
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);