конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / «Қазақстан» қонақ үйінің субұрқағын жөндеу жұмыста...

«Қазақстан» қонақ үйінің субұрқағын жөндеу жұмыстары тоқтатылды: меншік иесі жауапкершілікке тартылады 

Әлеумет 12.06.2024, 13:18 873 Bakyt
«Қазақстан» қонақ үйінің субұрқағын жөндеу жұмыстары тоқтатылды: меншік иесі жауапкершілікке тартылады 
Сурет видео скрині

Алматының Қала құрылысын бақылау басқармасының мәліметінше, «Қазақстан» қонақ үйінің жанындағы субұрқақты қайта жаңарту бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары рұқсатсыз жүргізілді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz

«Нысанда жұмыс тоқтатылды, «Crown Star» ЖШС меншік иесіне қатысты жоспардан тыс тексеріс нәтижесінде бұзушылықтарды жоюға нұсқама бере отырып, ҚР ӘҚБтК-нің 316-бабы 1, 321-бөлігі бойынша шаралар қабылданды. Бүгінде басқарма ұйғарымды мәжбүрлі орындау үшін сотқа талап арыз береді», - делінген ведомство хабарламасында. 

Алматы қаласы мәдениет басқармасының хабарлауынша, қонақ үйдің жанында көрсетілген субұрқақ ескерткіш болып табылмайды, алайда ол күзет аймағының аумағында орналасқан: 
«Қазақстан» қонақ үйінің ғимараты Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 17 наурыздағы қаулысына сәйкес, Алматы қаласының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізіміне енгізілді. Осыған байланысты, нысан аумағында қандай да бір құрылыс немесе жаңарту жұмыстарын жүргізу үшін меншік иесіне тиісті ғылыми-жобалау құжаттамасын дайындау және ғылыми-реставрациялау жұмыстар жүргізу қажеттілігін негіздеу қажет. Алайда бұл орындалмады, ғимараттың иесі басқармаға жүгінбеді».

Биыл сәуірде Мәдениет басқармасының қызметкерлері шағым түскен нысанды тексеріп, «Crown Star» ЖШС қонақ үй иесінен күзет аймағының аумағында құрылыс жұмыстарын тоқтатуды және бұзушылықтарды жоюды талап етті. Бұған қоса, 2024 жылы 24 мамырда Алматы қаласы Медеу ауданының прокуратурасына қонақ үй иесін жауапкершілікке тарту туралы сұрау жіберілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы қаласы #Медеу ауданы #Қазақстан» қонақ үйі #субұрқақ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков: Жаңа Конституция: жедел даму қалалары және Алатаудың бірегей экономикалық экожүйесін іске қосу

Бүгін 14:21

Алматыда жаңартылған конституцияның күшіне енуі қолдау тапты

Бүгін 14:15

Жүрексіз ойдың жемісі 

Бүгін 14:10

2 мыңнан астам алматылық жас жаңа Конституцияның күшіне енуіне арналған акцияларға қатысты

Бүгін 14:10

Тілге құрмет – жүректен: қазақшаға судай Ұлттық ұлан сарбазы көпке үлгі

Бүгін 13:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);