конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан қоғамының сайлау құқығы деңгейі айтарлық...

Қазақстан қоғамының сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті - Еркін Оңғарбаев

Әлеумет 21.11.2022, 04:47 1,382
Қазақстан қоғамының сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті - Еркін Оңғарбаев
Сурет: Inform.kz

Қазақстандық құқықтанушы-ғалым Еркін Оңғарбаев президент сайлауындағы халықтың белсенділігі туралы пікір білдірді.


Оның айтуынша халықтың белсенділігі өскен. Күні кеше өткен сайлауға қатысты құқықтанушы өз ойын білдірді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. 



«Менің ойымша, Қазақстанда сайлау құқығы деңгейі айтарлықтай өсті. Халықтың белсенділігі жоғары, әсіресе референдум кезінде бұған куә болған едік. Бұл жолы да қоғамның сайлауды әділ өткізуге деген сұранысы жоғары болды. Бұл түпкі нәтижеге әсер етеді. Бүгінде көптеген мәселе шешімін тауып жатыр. Қаңтар оқиғасынан кейін Конституцияға бірқатар өзгеріс енгізілді. Біз қазір адам құқығын қорғау функциясының артып келе жатқанын, Конституциялық соттың құрылғанын, құқықтық қорғаудың жоғары деңгейін, адам құқықтары жөніндегі Конституциялық заңның үстемдігін көріп отырмыз. Мұның бәрі бізде азаматтың құқықтары мен бостандықтарының өте жоғары қорғалуына ықпал етеді», - деді Еркін Оңғарбаев Jibek Joly телеарнасындағы сайлау тақырыбына арналған ток-шоуда.



Оның айтуынша, жер қойнауы байлығының халыққа тиесілі болуы - маңызды реформа.



«Біз жоғарыда аталған мәселені бірнеше рет талқылап, оның іске асатынын айттық. Еліміздің болашағы - өскелең ұрпақ табысқа ие болмақ. Бұл да - ауқымды шаруа. Халықтың әл-ауқаты көптеген елдердегідей, соның ішінде араб елдеріндегідей өсетініне күмәнім жоқ. Кіріс көбейіп, азаматтарымыз жер қойнауындағы пайдалы қазбалардан табыс табады. Алайда, негізгі сұраныс - әлеуметтік әділеттілік пен олигархиямен күреске қатысты. Егер әділет салтанат құрып, шетелдегі қаржы қайтарылса, менің ойымша, қоғам оны қуана қабылдайды. Егер қоғамның үміті ақталса, болашақта сайлаушылардың тұлғаларды қолдауы артады деп ойлаймын», - дейді ол.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#сайлау #пікір #құқықтанушы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жас белсенділер әділетті Қазақстан құру бағытын қолдады

Бүгін 14:30

Алматының жас ғалымдары конституциялық реформаларды қолдады

Бүгін 14:27

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды тұрғындарды жеке мәселесі бойынша қабылдады

Бүгін 14:24

Алматы хайуанаттар бағында соңғы 20 жылда алғаш рет шайқағыш жанаттар төлдеді

Бүгін 14:22

Жаңа конституция белсенді жастарға қосымша мүмкіндік берді

Бүгін 11:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);