AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қар...

Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды

Экономика Бүгін 09:45 46
Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды
Сурет: primeminister.kz

Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған қазақстандық делегация Ұлыбритания Үкіметінің, UK Export Finance (UKEF) экспорттық-кредиттік агенттігінің, халықаралық банктердің және білім беру ұйымдарының өкілдерімен келіссөздер жүргізді. Негізгі тақырыптар – Alatau City инфрақұрылымын қаржыландыру, британдық технологияларды тарту, сондай-ақ білім беру мен жасанды интеллект саласындағы ынтымақтастықты дамыту.

UK Export Finance (UKEF) басшылығымен өткен дөңгелек үстелде Alatau City-дің энергетикалық, көлік және коммуналдық жобаларын экспорттық кредиттерді, банктік кепілдіктерді және британдық экспортты мемлекеттік қолдаудың өзге де құралдарын пайдалану арқылы қаржыландыру мүмкіндіктері қарастырылды.

Қазақстан тарапы британдық инженерлік компанияларды, жабдық өндірушілерді және қаржы институттарын тарту арқылы жүзеге асырылуы мүмкін энергетикалық объектілерді, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін, көлік инфрақұрылымын салу саласындағы басым жобалардың тізбесін қалыптастыруды ұсынды.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрінің парламенттік орынбасары лорд Стюарт Вудпен кездесуде екі ел арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Тараптар британдық бизнестің инфрақұрылымдық және технологиялық жобаларға қатысуын, сондай-ақ энергетика, өнеркәсіп және цифрлық экономика салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын қарастырды.

Капитал тартудың практикалық тетіктері Standard Chartered-дың мемлекеттік сектормен жұмыс істеу бағыты жөніндегі жаһандық жетекшісі Чарльз Корбеттпен келіссөздердің тақырыбына айналды. Синдикаттық кредиттеу, халықаралық даму институттарымен бірлесіп қаржыландыру және экспорттық-кредиттік агенттіктердің кепілдіктерін пайдалану мүмкіндіктері талқыланды.

Ұлыбританияның мемлекеттік министрлері Анас Сарвар, Крис Макдональд және Канишка Нараянмен жеке кездесу өтті. Тараптар сауда-инвестициялық әріптестікті тереңдету, британдық технологияларды трансферттеу және ғылым, инновация, жасанды интеллект салаларында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелеріне баса назар аударды. Мұнымен қоса, Alatau City-дің қалалық инфрақұрылымын цифрландыру перспективалары сөз болды.

Білім беру бағыты аясында қазақстандық делегация Magdalen College School басшылығымен келіссөздер жүргізді. Alatau City-де халықаралық деңгейдегі мектеп ашу, британдық білім беру бағдарламаларын енгізу және педагогтерді бірлесіп даярлауды ұйымдастыру мүмкіндігі талқыланды.

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #инфрақұрылым #қаржыландыру
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда сауда саласында, оның ішінде азық-түлік бағасына үстеме қосу кезінде 2003 заңбұзушылық анықталды

Бүгін 10:31

Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Бүгін 10:20

Қазақстанда әсер ететін препараттардың заңсыз айналымымен айналысқан топтардың қызметі тоқтатылды

Бүгін 10:04

Тоқаев Болгария Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 09:31

Елдің бірқатар өңірінде тұман, үсік болады

Бүгін 09:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);