AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Алматыда сауда саласында, оның ішінде азық-түлік б...

Алматыда сауда саласында, оның ішінде азық-түлік бағасына үстеме қосу кезінде 2003 заңбұзушылық анықталды

Алматы Бүгін 10:31 57
Алматыда сауда саласында, оның ішінде азық-түлік бағасына үстеме қосу кезінде 2003 заңбұзушылық анықталды
Алматы әкімдігі

Талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын 2003 әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және оның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы қалалық Сауда және тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен және басқа да мемлекеттік органдармен бірлесіп, азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды тұрақты түрде жүргізіп келеді.

Атап айтқанда, азық-түлік тауарларының бағасын қалыптастырудың барлық кезеңіндегі делдалдық схемаларды анықтау жөніндегі өңірлік комиссияның отырыстары тұрақты түрде өткізіледі. Комиссия жұмысы аясында ірі сауда нысандарында, сауда желілерінде, супермаркеттерде, базарларда және үй маңындағы дүкендерде сауда қызметі саласындағы заңнама талаптарының сақталуына жүйелі түрде мониторинг жүргізіліп, талдау жасалады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерін сақтау мәселесіне ерекше назар аударылады.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына белгіленген сауда үстемесінің шекті мөлшерінен асыру және сауда қызметін реттеу саласындағы заңнаманың өзге де талаптарын бұзу фактілері бойынша талаптарды сақтамаған кәсіпкерлік субъектілеріне қатысты жалпы сомасы 82 млн теңгеден асатын 2003 әкімшілік хаттама толтырылды.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасып жатыр және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ қаланың азық-түлік нарығындағы баға тұрақтылығын қолдауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның үш жетекші университеті Азияның үздік 100 жоғары оқу орнының қатарына енді

Бүгін 11:53

Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді

Бүгін 11:34

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 11:16

Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Бүгін 10:20

Қазақстанда әсер ететін препараттардың заңсыз айналымымен айналысқан топтардың қызметі тоқтатылды

Бүгін 10:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);