AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылы...

Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Әлеумет Бүгін 10:20 49
Өңірлерді дамыту: жаңа әлеуметтік және инфрақұрылымдық нысандар мен өнеркәсіп кәсіпорындары пайдалануға берілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын орындау аясында еліміздің өңірлерінде өнеркәсіптік әлеуетті дамыту, көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары жалғасуда, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Жаңа өнеркәсіп өндірістері, денсаулық сақтау нысандары, жол желісі және әлеуметтік сала нысандары  пайдалануға берілді.

Көлік инфрақұрылымы


Шығыс Қазақстан облысында Тереңсай асуын айналып өтетін автомобиль жолы және Пихтовка өзені арқылы өтетін Қазақстандағы ең биік таулы автомобиль көпірі ашылды. Жаңа нысандар жол қозғалысы қауіпсіздігін арттырып, өңірдегі елді мекендер арасындағы көлік қатынасын жақсартады.

Алматы облысында республикалық маңызы бар «Кеген – Нарынқол» автомобиль жолының 74 шақырымдық учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Жобаның құны – 8,1 млрд теңге. Күн сайын 1,2 мыңнан астам автокөлік қатынайтын жаңартылған жол учаскесінде 14 аялдама, 78 жол қиылысы мен кірме жол жөнделді.

Жетісу облысында Мұқыры асуындағы ұзындығы 21 шақырымдық төрт жолақты автожол ашылды. Жаңа жол қозғалыс қауіпсіздігін арттырып, жол жүру уақытын қысқартуға мүмкіндік береді.

Өнеркәсіп және өндіріс

Алматы облысында 2,5 млрд теңге инвестиция тартылған, тәулігіне 10 тонна ет өңдеуге қауқарлы ет өңдеу кәсіпорны іске қосылды. Жоба өңдеу өнеркәсібін дамытуға және ішкі нарықтағы отандық өнім көлемін арттыруға бағытталған.

Түркістан облысында құны 1,5 млрд теңгені құрайтын өнеркәсіптік металл конструкциялар мен металл бұйымдарын өндіретін зауыт іске қосылды. Кәсіпорын жылына 100 дана өнім шығаруға қауқарлы. Жаңа өндіріс орны өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Абай облысында құны 8,4 млрд теңгені құрайтын өсімдік майын құю және қаптау цехы іске қосылды. Кәсіпорын тәулігіне 200 тонна май өндіруге қауқарлы. Жаңа цехтың іске қосылуы 100-ден астам жұмыс орнын ашуға және ішкі және сыртқы нарықтарда өнім жеткізу көлемін кеңейтуге мүмкіндік береді.

 Қарағанды облысында 20,5 мың құсқа арналған, жасанды интеллект негізіндегі климатты бақылау жүйесімен жабдықталған құс шаруашылығы кешені іске қосылды. Кәсіпорын құс етінің өндірісін жылына 250–280 тоннаға арттыруға мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік нысандар


Алматы облысының Нарынқол ауылында ауысымына 250 адамға көмек көрсете алатын, күндізгі стационары және заманауи диагностикалық жабдықтары бар емхана ашылды.

Өскемен қаласында Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарының тұрғындарына арналған 148 орындық Гематология орталығы салынды. Нысан құрылысына, оның ішінде мемлекетке қайтарылған активтер қаражаты есебінен 33,6 млрд теңге бағытталды.

Түркістан облысының Сарыағаш ауданында шағын футбол, волейбол және баскетбол алаңдары, сондай-ақ воркаут-аймақтары бар жаңа спорт және балалар ойын алаңдары ашылды. Жаңа нысандар ауыл тұрғындарының спортпен шұғылдануына және белсенді демалуына қолайлы жағдай жасайды.

 Қостанайда 1000 орындық трибуналары, жүгіру жолдары мен футбол, баскетбол және волейбол алаңдары бар көпфункционалды стадион (2,9 га) ашылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#әлеумет
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Michelin жұлдызының үш мәрте иегері, француз аспаз Алматының гастрономиялық әлеуетіне баға берді

Бүгін 11:34

Премьер-министр Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» қоры директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Бүгін 11:16

Алматыда сауда саласында, оның ішінде азық-түлік бағасына үстеме қосу кезінде 2003 заңбұзушылық анықталды

Бүгін 10:31

Қазақстанда әсер ететін препараттардың заңсыз айналымымен айналысқан топтардың қызметі тоқтатылды

Бүгін 10:04

Лондонда Alatau City инфрақұрылымдық жобаларын қаржыландыру тетіктері талқыланды

Бүгін 09:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);