AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Қатарға өнім экспортын $243 млн-ға артты...

Қазақстан Қатарға өнім экспортын $243 млн-ға арттыруға дайын

Әлем 24.05.2023, 09:43 1,557
Қазақстан Қатарға өнім экспортын $243 млн-ға арттыруға дайын
Сурет: Рrimeminister.kz

Бұл - Үкімет басшысының сөзі.


Дохада өтіп жатқан үшінші Қатар экономикалық форумы аясында ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Қатар Әмірі шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Әлихан Смайылов Қатар Әміріне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ыстық сәлемі мен ізгі тілегін жеткізіп, дүниежүзі қоғамдастығының назарын аударған футболдан әлем чемпионатының сәтті өтуімен құттықтады.


Премьер-Министр Қатар Қазақстанның араб әлеміндегі маңызды саяси және экономикалық серіктесі екенін атап өтті. Мұның дәлелі өзара сауда мен инвестициялар саласындағы жоғары көрсеткіштер болып табылады. Мәселен, осы жылдың бірінші тоқсанында ғана екіжақты тауар айналымының көлемі 17,7 есе өссе, 2022 жылдың қорытындысы бойынша республикаға құйылған Қатар инвестицияларының көлемі 3 есе артқан.



«Бұл ретте біз өзара сауда көлемін одан әрі ұлғайту бойынша бұдан да жоғары әлеуеттің барын көріп отырмыз. Осыған байланысты Қатарға 60 тауар позициясы бойынша қазақстандық өнімнің экспортын шамамен $243 млн-ға ұлғайтуды ұсындық. Сонымен қатар біз инвестициялық әріптестікті одан әрі кеңейтуге мүдделіміз», — деді Әлихан Смайылов.



Осы тұрғыда Үкімет басшысы Qatar Investment Authority мен «Самұрық-Қазына» мемлекеттік қорлары арасындағы ынтымақтастықтың және Бірлескен тікелей инвестициялар қорын құру жоспарларының маңыздылығын атап өтті.


Өз тарапынан шейх Тәмим бин Хамад Әл Тәни басым бағыттардың барлығы бойынша екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға дайын екенін растады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#форум #Катар #смайылов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауы әлемнің түкпір-түкпіріндегі креаторлардан өтінім қабылдауды бастады

Кеше 19:35

Алматыға Шанхай ғылым және технологиялар колледжі делегациясы келеді

Кеше 18:42

Алматының ажары

Кеше 18:12

Алматылық Камиля Досмалова пара таэквондодан Азия чемпионы атанды

Кеше 16:51

Алматы тұрғындары «Таза бейсенбі» экологиялық акциясына қатысты

Кеше 16:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);