конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Президенті Экология министрінің есібін т...

Қазақстан Президенті Экология министрінің есібін тыңдады

Әлеумет 20.05.2022, 07:26 1,050
Қазақстан Президенті Экология министрінің есібін тыңдады
Сурет: Akorda.kz

Президент министрге геологиялық саланы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешевті қабылдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Ақордаға сілтеме жасап. 


Президентке министрліктің биылғы бірінші тоқсанда атқарған қызметінің негізгі қорытындылары және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде есеп берілді.


Атап айтқанда, министр еліміздің экологиялық ахуалын жақсарту үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, жаңа Экологиялық кодекстің нормаларына сәйкес 83 ірі компанияға технологиялық аудит жүргізілген. Бұл олардың 2025 жылға дейін жаңа технологияға көшуге дайындығын бағалауға мүмкіндік берді.


Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасы мен экологиялық проблемаларды шешуге бағытталған өңірлік Жол карталарының жүзеге асырылу барысы таныстырылды.


Сонымен қатар Мемлекет басшысына геологиялық саланың жағдайы мен Ұлттық геологиялық қызметті құру жұмыстары туралы баяндалды.


Бұдан бөлек Президентке су шаруашылығы инфрақұрылымының ахуалы, вегетациялық кезеңді өткізу, жаңа Су кодексі, сондай-ақ орман шаруашылығы мен жануарлар әлемінің жай-күйі жөнінде ақпарат берілді.


Кездесу соңында Мемлекет басшысы министрлікке экологиялық мәселелерді шешу, су шаруашылығы инфрақұрылымын жақсарту және геологиялық саланы дамыту жөнінде бірқатар нақты міндет жүктеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #министр #Экология #геология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Ясауитану ғылымындағы тарихи жаңалық: Ресейден бұрын белгісіз қолжазба анықталды

Кеше 17:16

«КИСИ GPS»: Петропавлда жаңа Конституцияны және оны іске асырудағы өңірлердің рөлі талқыланды

Кеше 17:01

Алматыда тұрмыстағы зорлық-зомбылық салдары талқыланды

Кеше 16:58

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады

Кеше 16:48

Алматының Наурызбай ауданында 250 мыңнан аса гүл көшеті егілді

Кеше 16:12
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);