ffin.kz

Қазақстан өзін нан және ұн өнімдерімен толықтай қамтамасыз етті

Қазақстан өзін нан және ұн өнімдерімен толықтай қамтамасыз етті Cурет: Самат Құсайынов

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенова ҚР Парламенті Мәжілісінің пленарлық отырысында сөйлеген сөзінде биылғы жиналған егіннің көлемі және ауа райының қолайсыздығына байланысты шығынға ұшыраған отандық ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерін қолдау шаралары туралы айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша тауар өндірушілерді қолдау мақсатында астықты кептіру үшін 62,5 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді, қаржы институттары айыппұл санкцияларын қолданбай несиелер мен қарыздарды өтеу мерзімін ұзартуды жүзеге асырып отыр, АӨК субсидиялауға қосымша қаражат бөлу және "Азық-түлік корпорациясының" астықты тікелей сатып алу мәселелері пысықталып жатыр», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.



Оның айтуынша, қазіргі уақытта Жамбыл облысының шаруаларына өтемақы төлеу жұмыстары жүргізілуде. Естеріңізге сала кетейік, өңірде су тапшылығына байланысты жергілікті ауқымдағы ТЖ режимі жарияланған болатын. Бөлінген қаражат көлемі 3,7 млрд теңгені құрады.


Ішкі нарықта бидай бағасын тұрақтандыру және «сұр импортты» болдырмау мақсатында аумағына теміржол және авто көлігімен астық әкелуге тыйым салу мерзімі 2024 жылдың 11 сәуіріне дейін ұзартылды. Аталған шектеу шаралары лицензияланған элеваторларға, астық өңдеу және құс шаруашылығы кәсіпорындарына, сондай-ақ Қазақстан аумағы арқылы бидайды транзиттік тасымалдауға қатысты қолданылмайды. Сонымен қатар астықты өз қажеттіліктеріне пайдаланатын отандық өндірушілерге де шектеу болмайды.



«Биыл жиналатын астықтың көлемі елімізді нанмен және ұнмен толық қамтамасыз ету үшін жеткілікті болатынын атап өткім келеді», — деді Тамара Дүйсенова.



Сонымен қатар ол Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бағытында кешенді жұмыс атқарып жатқанын жеткізді. Атап айтқанда, көкөністер құнының өсуіне жол бермеу үшін форвардтық сатып алу жүргізілді және маусымаралық кезеңде тауар интервенциясы қолданылды.


Премьер-Министрдің орынбасары еліміздің барлық аймағында тұрақтандыру қорлары бар екенін еске салды. Олардың әрқайсысы үшін қажетті азық-түлік көлемі бойынша индикативтер әзірленген. Әлеуметтік маңызы бар тауарларға үстемақы 15%-дан аспауы үшін сауда нысандарымен және өнім өндірушілермен 11,5 мыңға жуық келісімшарт жасалды. Сонымен қатар белгіленген талаптар қалай сақталып жатқаны да жіті тексеріледі.



«Делдалдық схемаларды тексеретін өңірлік комиссиялар жыл басынан бері сауда мөлшерлемесінің жоғарғы шегін бұзу бойынша 696 факт анықтады. 814 делдалдық тізбекке талдау жасап, 146 заң бұзушылықты анықтады. Үкімет қабылдаған шаралардың нәтижесінде 4 айдан астам уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының индексі біртіндеп төмендеп келеді», — деп атап өтті Тамара Дүйсенова.



Сондай-ақ ол инфляцияның төмендеуінде қатысты оң үрдіс бар екенін айтты. Алдын ала жасалған болжам бойынша, биыл оның көрсеткіші былтырғыдан едәуір төмен болады деп күтіліп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:10

18:45

18:02

17:43

17:39

17:31

17:20

17:17

17:05

16:54

16:41

16:15

16:05

15:56

15:39

15:21

15:14

14:45

14:40

14:34

14:07

13:47

13:30

12:58

12:32