AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан оқушылары ISF U-15 Жазғы гимназиадасында...

Қазақстан оқушылары ISF U-15 Жазғы гимназиадасында рекорд орнатты

Спорт 13.04.2025, 17:15 736
Қазақстан оқушылары ISF U-15 Жазғы гимназиадасында рекорд орнатты
Cурет: Оқу-ағарту министрлігі

4–14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U-15 Жазғы мектеп гимназиадасында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді – жас спортшыларымыз 11 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

ISF U-15 — 13 пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық дода. Биылғы жарысқа 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды.

Оқу-ағарту министрлігі мәліметінше, Қазақстан құрамасының сапында ел намысын 23 оқушы қорғады. Олар республикалық іріктеуден өтіп, дзюдо, еркін күрес, бокс және шахмат секілді төрт спорт түрінен сынға түсті.

Бокс жарысында Айбек Садық, Шыңғысхан Макаров, Нұртас Алимбай, Сайлауқазы Сымбат және Нұрболат Әмір алтын жүлдені жеңіп алды. Ал Алихан Смағұл қола медаль иегері атанды.

Дзюдо бойынша Бақдәулет Серікәлі алтын жүлдені қанжығаласа, Ерасыл Қалмаханбет қола медаль алды.

Еркін күресте де отандастарымыз табандылық танытты: Висхан Арашов күміс, Мансұр Ақылбай мен Нұрқожа Қалыбек қола жүлде жеңіп алды. 

Шахмат жарысында Олтинай Алғаппарова мен Жанат Нұрым жоғары деңгейдегі спорттық мәдениетті көрсетіп, әділ ойын қағидаларын ұстанғаны үшін Халықаралық адал ойын комитетінің арнайы марапатына ие болды. 

Айта кетейік, Қазақстан бұл беделді жарысқа 2022 жылдан бастап қатысып келеді. Аз ғана уақыт ішінде еліміздің жасөспірімдер құрамасы халықаралық аренада болашағынан зор үміт күттіретін команда ретінде мойындалды.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Гимназиада #спорт #оқушылар #Рекорд
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев кейбір қазақстандықтарға мемлекеттік наградаларды табыстады

Бүгін 17:54

Қазақстан мектептеріне жаңа пән қосу ұсынылды

Бүгін 17:42

Елімізде 5 жылға жетпей ажырасатындар көбейген

Бүгін 17:10

Туған күнін тойламайтындар

Бүгін 17:03

22 Наурызға қатысты 22 дерек

Бүгін 16:08
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика