Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Алматы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Алматы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің...

Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің көлемін арттырады

Әлеумет 02.02.2022, 16:26 1,348
Қазақстан ОПЕК+ келісімі аясында мұнай өндірісінің көлемін арттырады
Inform.kz

ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісінде Қазақстанның ақпан айындағы мұнай өндіру квотасы 1,589 млн баррель болып белгіленді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ОПЕК+ келісіміне қатысушы елдердің министрлер мәжілісі бейнеконференция форматында өтті. Жиында желтоқсан айының деңгейі талқыланды. Мәселен, Қазақстанның міндеттемелерді орындау деңгейі желтоқсан айында 122% болған.


«Отырыс қорытындысы бойынша, шектеулерді толық алып тастағанға дейін ОПЕК+ елдерінің қазіргі мұнай өндіру деңгейін ай сайын тәулігіне 400 мың баррельге арттыруды жалғастыру туралы шешім қабылданды», - деп жазылған министрліктің мәліметінде.


Мұның ішінде Қазақстанға белгіленген квота да артып отыр.


«Қаңтар және ақпан айларында ОПЕК+ шеңберінде Қазақстан үшін квота сәйкесінше тәулігіне 1,572 және 1,589 млн баррельді құрайды. 2022 жылғы наурыздағы міндеттемелер тәулігіне 1,605 млн баррельді құрайды», - делінген ресми түсіндірмеде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #опек #мұнай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Әзербайжанда Тоқаевтың экологиялық бастамалары талқыланды

Бүгін 16:06

Алматы облысында жер сілкінді

Бүгін 15:51

Алматыда үш жыл ішінде жастарға арналған 11 орталық ашылып, 5 мыңнан астам іс-шара ұйымдастырылды

Бүгін 15:40

Сергектіктің сыры - спортта: 90 жастағы семейлік ата қыста коньки, жазда ролик тебеді

Бүгін 15:22

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президенті өмір бойына сотталды

Бүгін 15:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі