AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылы...

Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды

Әлеумет 25.08.2026, 10:29 349
Қазақстан өңірлерінде жаңа өндірістер, инфрақұрылымдық және әлеуметтік нысандар ашылды
Primeminister.kz

Президент тапсырмалары жүзеге асырылуда, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру аясында еліміздің өңірлерінде ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді тереңдету, көлік және коммуналдық инфрақұрылымды жаңғырту, азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Өткен аптада келесідей өндірістер, көлік және әлеуметтік инфрақұрылым нысандары іске қосылды:

Қызылордада халықтың әлеуметтік осал санаттарының ішінде кезекте тұрғандарға 90 пәтердің кілті табысталды. 4 жыл ішінде өңірде 30 мыңнан астам кезекте тұрғандар тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 2026-2027 жылдары 25 мың адамға 62 мыңнан астам пәтер тапсыру жоспарлануда.

Ақмола облысының Аршалы кентінде мұқтаждар санатындағы 47 отбасы жаңа 100 пәтерлі үйден пәтер алды.

Ақтөбе облысының Жабасақ ауылына көгілдір отын келді. 43 шақырымдық негізгі құбыр және 12,6 шақырымдық кентішілік газ құбыры тартылып, бес жүзден астам тұрғын газға қол жеткізді.

Көлік инфрақұрылымы 

Арқалықта 30 жылдан кейін қала әуежайы кең ауқымды реконструкциядан өткізілгеннен кейін тұрақты әуе қатынасы қайта жанданды. Аптасына 2 рет Астана – Арқалық; Алматы – Арқалық; Қостанай – Арқалық бағыттары бойынша рейстер іске қосылды.

Павлодар әуежайында ұшу-қону жолағын реконструкциялау аяқталды. Заманауи әуе кемелерін қабылдау үшін ұшу-қоны жолағы 45 метрден 60 метрге дейін кеңейтілді. Субсидияланатын Астана-Павлодар бағыты іске қосылды. 1 қыркүйекте күнделікті Павлодар-Алматы және Павлодар-Новосібір рейстері қайта қатынай бастайды.

Теміржол вокзалдарын жаңғыртудың жалпы республикалық бағдарламасы аясында тағы екі ірі нысанда жұмыстар аяқталды. Бүгінгі таңда Қазақстанда 74 вокзал салынды және реконструкцияланды:

Ақтөбеде жалпы ауданы 7 мың шаршы метрден астам теміржол вокзалы жаңартылып, қайта ашылды. Кешен тәулігіне 6 мыңға жуық жолаушыға қызмет көрсете алады. Ғимаратта қасбет, шатыр, күту залдары, желдету және ауаны баптау жүйелері жаңартылды, платформа жаңа қалқа шатырлармен жабылып, қауіпсіздік жүйелері іске қосылды және мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жағдай жасалды.

Қостанай облысында Тобыл стансасының теміржол вокзалының ғимаратына жүргізілген реконструкция жұмыстары аяқталды. Станса тәулігіне 2 жолаушы платформасына және 13 жұп пойызға қызмет көрсетеді, орташа тәуліктік жолаушылар ағыны – шамамен 235 адам.

Ақтөбе облысының Ойыл ауданында 2024 жылғы су тасқыны кезінде қираған Ойыл ауылына баратын автожол бойындағы 280 метрлік көпір пайдалануға берілді. Нысан «Батыс Қазақстан – Оңтүстік Қазақстан» транзиттік дәлізіне кіреді.

Тамақ өнеркәсібі 

Қостанай облысында «Баян Сұлу» фабрикасының «Кондитерлік астана» атты кешені іске қосылды. Қуаты жылына 16,6 мың тонна өнім өндіруге жететін жоба Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу үлесін 70%-ға дейін жеткізу жөніндегі тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылды. Осылайша кәсіпорынның жалпы қуаты жылына 85 мыңнан 101 мың тоннаға дейін артып отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#өндірістік нысандар #Әлеуметтік нысандар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тоғыз айда Skills Enbek онлайн-платформасында 114,8 мыңнан астам адам оқыды

Бүгін 12:10

Алматыда «Халық қатысатын бюджет» жобасы бойынша өтінім қабылдау басталады

Бүгін 12:10

Алматы көшелерін кеңестік кезеңдегі атауымен атаған блогерге айыппұл салынды

Бүгін 11:06

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды

Бүгін 10:30

ТМД мемлекеттері басшылары ұлттық тағамдар фестивалін тамашалады

Бүгін 10:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);