AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Үндістан әскерилері арасында «ҚазҮнд...

Қазақстан мен Үндістан әскерилері арасында «ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр

Әлеумет 02.09.2021, 15:46 809
Қазақстан мен Үндістан әскерилері арасында «ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтіп жатыр
Сурет: Gov.kz

Аталмыш жаттығу ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады.


Жамбыл облысындағы «Айша-Бибі» оқу-жаттығу полигонында Қазақстан мен Үндістан әскери қызметшілері арасында «ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы өтуде, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 


Оған Қазақстаннан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының бөлімшелері және Үндістанның құрама ротаға біріктірілген әскери контингенті қатысуда. 



«Бірінші кезеңде жеке құрам жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтіру іс-қимылдарын пысықтады. Халықаралық бөлімшелердің әскери қызметшілері дағдарыс ауданына марш жасады. Қазіргі уақытта межелі жерде роталық тактикалық құрама топ бөлімшелерді жауынгерлік үйлестіруді орындады», – делінген Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарламасында. 



Оқу-жаттығу шеңберінде қосымша бөлімшенің әскери қызметшілері барлау-іздестіру және рейдтік іс-қимылдар жүргізеді. Оқу-жаттығудың соңғы кезеңінде БҰҰ-ның мандатына сәйкес дағдарыс аймағында заңсыз қаруланған топтарды оқшаулау және жою жоспарланған. 


«ҚазҮнді-2021» бірлескен оқу-жаттығуы Қазақстан мен Үндістан қорғаныс министрліктері арасындағы екіжақты ынтымақтастық жоспары шеңберінде өткізілуде. Ол ағымдағы жылдың 10 қыркүйегінде аяқталады. 


Оқу-жаттығу санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың қатаң сақталуы арқылы өтуде. Оған қатысушылар барлық қажетті карантиндік іс-шаралардан, медициналық тексерістен өтіп, ПТР-тест тапсырды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#әскер #Қазақстан #жаттығу
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліміздің бес өңірінде аптап ыстық болатыны болжанды

Бүгін 08:32

Алматыда «КҮНШУАҚ» жазғы ойын-сауық алаңы ашылды

Кеше 19:09

Алматылық жеңіл атлеттер жастар арасындағы Азия чемпионатында үш медаль жеңіп алды

Кеше 19:04

Мемлекет басшысы «Атлетико де Мадрид Қазақстан» футбол академиясына барды

Кеше 18:03

Алматылық боксшылар Венгриядағы халықаралық турнирдің жүлдегері атанды

Кеше 17:55
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);