конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы...

Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 22%-ға өсті

Әлеумет 01.11.2022, 11:38 1,285
Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы тауар айналымы 22%-ға өсті
Сурет: Ainews.kz

Тауар айналымы $51 млрд-ты құрады. 


Премьер-Министр Әлихан Смайылов онлайн режимде өткен Шанхай Ынтымақтастығы ұйымына мүше мемлекеттердің үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысында сөз сөйледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


ШЫҰ аясындағы көпжақты өзара іс-қимыл Қазақстан Үкіметі жұмысының басымдықтарының бірі болып қала береді. 


Пандемия мен басқа да сын-қатерлерге қарамастан, ШЫҰ кеңістігінде дамудың айтарлықтай жоғары динамикасы сақталып отыр. Мәселен, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұйымға мүше мемлекеттердің экономикалық өсу қарқыны 4-тен 9%-ға дейін ұлғайды, ал Қазақстан мен ШЫҰ елдері арасындағы жиынтық тауар айналымы 22%-ға өсіп, $51 млрд-ты құрады.



«Әлихан Смайылов азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша үйлестірілген шаралар қабылдаудың маңыздылығын атап өтті. «Қазақстан өзінің ауыл шаруашылығы әлеуетін пайдалана отырып, бұл іске үлес қосуға дайын. Мұнда маңызды қадам селекция және тұқым шаруашылығы саласындағы ынтымақтастық бағдарламасын әзірлеу болады. Бұл ауыл шаруашылығының дамуына серпін беріп, мемлекеттеріміздің ғылыми селекциялық орталықтарын кооперациялауға жол ашады және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге оң әсер етеді», - деді Әлихан Смайылов.



Сонымен қатар Премьер-Министр күш-жігерді біріктіріп, перспективасы бар көлік-транзит дәліздерін дамытуға шақырды.



«Ақтау портының» Үндістан – Парсы шығанағы елдері – Иран – Қазақстан – Ресей» бағытындағы торапқа айналуға әлеуеті зор. Қазіргі жағдайда Транскаспий көлік дәлізінің Еуропа, Орталық Азия және Қытай арасындағы транзиттік ағындарды қамтамасыз етудегі рөлі де артып келеді. Осы бағыттың мүмкіндіктерін бірлесіп іске асыру жүктердің тұрақты көлемінің болуы мен үздіксіз тасымал көлемін қамтамасыз етеді», - деді ол.



 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#импорт #эспорт #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік науқан өтті

Кеше 17:38

ЮНЕСКО басшылығы қазақстандықтарды Ұлттық домбыра күнімен құттықтады

Кеше 15:12

Маңғыстау облысында Бекет ата мешітіне жолға шыққан үш адам жоғалып кеткен

Кеше 14:13

Алматыда Ұлттық домбыра күніне арналған «Домбыра – дастан» атты ауқымды мерекелік концерт өтті

Кеше 11:34

Алматының коммуналдық қызметтері нөсер жаңбырдың салдарын жедел түрде жойды

04.07.2026
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);