AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін эл...

Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады

Әлеумет 02.12.2024, 12:42 692
Қазақстан мен Қытай шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматта алмасуды бастады
Сурет: Gov.kz

Қытай Халық Республикасымен шетелдік рұқсат бланкісін алмасу бұдан былай электронды форматта жүзеге асады, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті хабарлады.

Шетелдік рұқсат бланкісі (ШРБ) - тасымалдаушыларға жүкпен шетелге шығуға мүмкіндік беретін арнайы құжат.

Биылғы жылдың 26 қарашасынан 27 қарашасына қараған түні сынақ режимінде алғашқы жүк көлік құралдары өткізілді. Сәтті тестілеуден кейін электронды жүйе ресми түрде енгізілді.

Осы жылдың басынан бері Қытай тарапымен 190 000 бірлік көлемінде жүктерді тасымалдауға арналған рұқсат бланкілерімен алмасу жүргізілді. Бұл — рекордтық көрсеткіш. Екі елдің жауапты ведомстволары қосымша 40 мың бірлік көлеміндегі шетелдік рұқсат бланкілерін алмасу бойынша келіссөздер жүргізді. Оның 30 мыңы электронды форматтағы жаңа жүйені қолдану арқылы жүзеге асса, ал қалған қосымша 10 мың дана қағаз жүзінде болды. Шетелдік рұқсат бланкісін алмасу 29 қарашада жүзеге асты.

Естеріңізге сала кетейік, соңғы екі жылда ҚХР-мен шетелдік рұқсат құжаттарымен алмасу 50 мыңнан 230 мыңға дейін өсті.

Жалпы, қазақстандық тасымалдаушылардың халықаралық автотасымалдарға қатысу көрсеткіші 31% - дан (2021) 52% - ға (2023) дейін өсті. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің 42 елімен шетелдік рұқсат бланкілерін алмасуды жүзеге асырады. Биылғы көрсеткіш — 364 705 дана шетелдік рұқсат бланкісі. Бұл да рекордтық көрсеткіш.

Электронды форматтағы бланкілерді енгізудің негізі Мемлекет басшысының 2023 жылғы мамыр айында Сиань қаласына жұмыс сапары аясында қол қойылған құжаттан бастау алады. Ал электронды форматқа көшудің нақты уақыты биылғы қыркүйекте орын алған Премьер-министрдің Шанхайға іс-сапары аясында қытайлық әріптесімен кездесу барысында бекітілді.

Электронды бланкілерді енгізу жүк тасымалдау процесін барынша жеңілдетіп, адами фактор мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жояды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #шетелдік рұқсат #электронды формат
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиевке Жеңіс күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады

Бүгін 21:00

2030 жылға дейін тауар айналымын ұлғайту жөніндегі жол картасы қабылданды

Бүгін 16:23

Зарап Темірбеков мұрасы – ұрпақ жадында

Бүгін 16:07

Эпидемиялық маусымдағы сақтық шаралары

Бүгін 15:20

«Жыр аққуы – Марфуға»: ақын Марфуға Айтқожаның 90 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Бүгін 14:58
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);