конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатыст...

Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздерді жуық арада аяқталады – Тоқаев

Саясат 03.01.2022, 10:09 1,663
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздерді жуық арада аяқталады – Тоқаев
Cурет: Baq.kz

Құттықтау хаты


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинге Қазақстан мен Қытай арасында дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай құттықтау хатын жолдады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Мемлекет басшысы екі елдің тарихи тұрғыдан қысқа мерзім ішінде әлемдік деңгейдегі үлгілі мемлекетаралық қатынас қалыптастырғанын атап өтті.



«Бұған менің 2019 жылы еліңізге жасаған сапарым барысында ынтымақтастығымызды мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптeстікке көтеру туралы жариялағанымыз дәлел. Бұл тарихи шешіміміз тату көршілік, өзара сенім мен қолдауға негізделген тең құқылы қатынастар құру бағытындағы екі жақты күш-жігеріміздің шарықтау шыңы болды. Атап айтқанда, ортақ шекарамызға қатысты барлық мәселелердің түйіні тарқап, бүгінде ол достық пен бірлік көпіріне айналды. Осы ретте, Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өзендерге қатысты келіссөздерді жуық арада аяқтау мемлекетаралық ықпалдастық жылнамасының тағы бір жарқын беті болары анық», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.



Президент мемлекеттеріміз арасындағы өзара түсіністік рухындағы саяси ахуалдың сауда-экономикалық және инвестициялық бағыттағы қарқынды ынтымақтастығымыздың кепілі екенін айтты. Осындай ықпалдастықтың нәтижесінде кәсіпкерлік пен халықтарымыздың игілігіне бағытталған көптеген бірлескен жоба табысты жүзеге асырылып келеді.



«Қазақстан мен Қытайды мыңдаған шақырымға созылған темір және көлік жолдары, мұнай және газ құбырлары жалғап отырғанын ерекше атап өтемін. Осы тұрғыдан, «Нұрлы жол» стратегиясы мен «Бір белдеу, бір жол» бастамасының негізгі бағдары саналатын бұл «темір керуен» жыл сайын тараптарға көптеген отандастарымызды, миллиондаған тонна жүктерді және миллиардтаған текше метр табиғи газды тасымалдауға мүмкіндік береді», – деді Мемлекет басшысы.



Сонымен қатар Президент екі ел үкіметінің ортақ мүдделерімізді сәтті ілгерілетуде, COVID-19 індетінің салдарын жоюда қажырлы жұмыс істеп жатқанына тоқталды. Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша,   екіжақты ынтымақтастықтың өркендеуіне және мәңгі жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі тереңдетуге қосып отырған ҚХР Төрағасының жеке үлесін Қазақстанда жоғары бағалайды. Сондай-ақ Мемлекет басшысы ресми және жұмыс тәртібінде тұрақты байланыстарды нығайтуда бірлесе күш-жігер жұмылдыруға әрдайым дайын екенін жеткізді.


Құттықтау соңында Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпиннің аса жауапты қызметіне толағай табыс, ал достас Қытай халқына мол ырыс пен құт-береке тіледі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#президент #Құттықтау хаты #Қытай #дипломатия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Канье Уэсттің концерті кезінде Алматының Орталық стадион аумағында Tele2/Altel уақытша шектеледі

Бүгін 19:39

15 тамызда Алматыда өтетін YE концерті: жол қозғалысы қалай шектеледі және қоғамдық көлік қалай жұмыс істейді

Бүгін 18:00

Алматыда өткен кәсіпкерлер форумында «Әділет» партиясы отандық бизнесті дамыту бағдарламасын таныстырды

Бүгін 17:45

Алматыда алманың жаңа сұрпына «Әділет» атауы беріледі

Бүгін 17:32

«Әділет» республикалық сайлауалды штабы Алматының зиялы қауым өкілдерімен кездесті

Бүгін 17:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);