AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтаст...

Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті

Саясат 23.08.2022, 02:22 1,880
Қазақстан мен Қытай сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетуге келісті
Сурет: министрлік

Тараптар сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады


Қазақстанның Қытайдағы Елшісі Шахрат Нұрышев ҚХР Коммерция министрінің орынбасары – Халықаралық сауда бойынша келіссөздеріндегі Қытайдың өкілі (министр деңгейінде) Ван Шоувэньмен кездесу өткізді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Іс-шара барысында тараптар Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және өңіраралық ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму перспективаларын талқылады. Атап айтқанда, сұхбаттастар аталған салаларда ынтымақтастықтың жаңа көзқарастарын қалыптастыру маңыздылығын атап өтті.


Екіжақты ынтымақтастыққа қосымша «серпін» беру және қолайлы жағдайлар жасау мақсатында шарттық-құқықтық базаны жетілдіру тақырыбына ерекше назар аударылды.


Ш.Нұрышев сұхбаттасушының назарын электрондық коммерцияны қоса алғанда, екіжақты сауда көлемін арттыру бойынша тұрақты ынталандыру шараларын қабылдау қажеттігіне аударды. Осы тұрғыда қазақстандық дипломат 2026 жылға дейінгі сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын келісуді жеделдету, сондай-ақ сауда, инвестициялар және өңіраралық өзара іс-қимыл салаларындағы жұмыс тетіктерін жандандыруды ұсынды. Елші қазақстандық тараптың Қытайға отандық мал шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізу номенклатурасын кеңейтуге дайын екенін мәлімдеді.


Сонымен қатар, Елші Қазақстан-Қытай шекарасындағы өткізу бекеттерінің тиімді жұмыс істеуі және «Қорғас» Шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығының қызметін қайта жандандыру екі жақты сауда үшін маңызды екенін ерекше атап өтті.


Өз кезегінде Ван Шоувэнь қытайлық тараптың ҚР-ҚХР арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті одан әрі нығайту мақсатында екі ел арасындағы сауда және инвестициялар саласындағы өзара іс-қимылды жандандыруға дайындығын білдірді. ҚХР Коммерция министрінің орынбасары қазақстандық тарап ұсынған екіжақты тауар айналымының өсуін ынталандыру және сауда-экономикалық ынтымақтастық тетіктерін жетілдіру жөніндегі шараларды қолдады.


Тараптар ДСҰ, ШЫҰ, АӨСШК және «Орталық Азия - Қытай» форматы сияқты көпжақты бірлестіктер шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасауға келісті.


Кездесу қорытындысы бойынша тараптар келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мақсатында Қазақстанның Қытайдағы Елшілігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасындағы тығыз әрекеттестікті жалғастыруға келісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Қытай #сауда
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен Ұлыбритания одан арғы ынтымақтастыққа ашықтықты растады

Бүгін 21:15

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);