Қазақстан мен Қырғызстан отыз жылда 160-тан астам құжат бекіткен

Қазақстан мен Қырғызстан отыз жылда 160-тан астам құжат бекіткен Сурет: Ашық дереккөзі

Екі ел дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді


15 қазанда Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың орнағанына 30 жыл толады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.



«Биыл 15 қазанда Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы дипломатиялық қатынас орнағанына 30 жыл толуын атап өтеді. Осы 30 жылда біздің елдеріміз арасында 160-тан астам құжатқа қол қойылды, оның ішіндегі ең маңыздысы – 1994 жылғы 8 сәуірдегі Мәңгілік достық туралы шарт және 2003 жылғы 25 желтоқсандағы Одақтастық қатынас туралы шарт», - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров министрлікте өткен брифингте.



Ресми өкілдің айтуынша, екіжақты байланыстың жай-күйі мен перспективалары екі елдің мемлекет басшылары, үкіметтері мен сыртқы саяси ведомстволары деңгейінде үнемі талқыланады.



«Біздің елдеріміз көптеген халықаралық ұйымдар шеңберінде тығыз өзара іс-қимыл жасайды. Қырғызстан біз үшін аймақтағы негізгі саяси және экономикалық серіктестердің бірі. Қазақстан өзара іс-қимылдың барлық аспектілері бойынша Қырғыз Республикасымен көпжоспарлы ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге ұмтылады», - деді А. Смадияров.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36

15:21