AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік сала...

Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде

Заң мен тəртіп 10.09.2024, 14:37 1,177 dulatbekova
Қазақстан мен Орталық Азия елдері қауіпсіздік саласында Қытаймен күш біріктіруде
Сурет: Polisia.kz

10 қыркүйекте Ляньюньган қаласында (ҚХР) ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерінің “Орталық Азия – Қытай” форматындағы алғашқы кездесуі өтті. 

Іс-шараға Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан ІІМ және Қытайдың Қоғамдық қауіпсіздік министрлігінің басшылығы қатысты. Қазақстандық делегацияны ішкі істер министрі Ержан Саденов басқарды, деп хабарлайды aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

 Отырысқа қатысушылар қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың, трансұлттық қылмыс, экстремизм, есірткінің заңсыз айналымы, киберқылмыс және адам саудасы сияқты заманауи сын-қатерлерге қарсы іс-қимылда тәжірибе алмасудың өзектілігін атап өтті. Сонымен қатар Қазақстанның ішкі істер министрі мен Қытайдың қоғамдық қауіпсіздік министрі арасында екіжақты келіссөздер жүргізіліп, онда қызметтің нақты бағыттары бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Сапар аясында Ержан Саденов Қоғамдық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықтың жаһандық форумының конференциясына қатысты. Онда 100-ден астам елдің күштік құрылымдарының өкілдері бой көрсетті. Қазақстанның ішкі істер министрі әріптестерін қылмысқа қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде одан әрі ведомствоаралық өзара іс-қимылға және ынтымақтастықты дамытуға дайын екенін жеткізді. Сондай-ақ форум аясында Қазақстан ішкі істер министрінің Түркия және Пәкістан ІІМ басшылығымен екіжақты кездесулері өтті.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Орталық Азия #Қытай #Қазақстан #қауіпсіздік саласы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);