AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Қазақстан мен Оңтүстік Корея туризм және спорт сал...

Қазақстан мен Оңтүстік Корея туризм және спорт саласындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуда

Спорт 09.01.2024, 09:11 1,326 Almaty-akshamy.kz. 
Қазақстан мен Оңтүстік Корея туризм және спорт саласындағы өзара қарым-қатынасты нығайтуда
Сурет: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжо Тэ-Икпен кездесті.


Кездесу Мемлекет басшысының Туризм және спорт министрлігі, Ұлттық Олимпиада комитеті және спорт федерациялары бірлесе жұмыс істеу керек деген тапсырмасын орындау мақсатында құрылған Канвондағы IV қысқы Жасөспірімдер Олимпиадасына және Париждегі жазғы Олимпиада мен Паралимпиадаға дайындық жөніндегі штабтың кеңсесінде өтті, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz.



Штабтың негізгі жұмысы – спортшылардың алдағы жарыстарға сапалы дайындығын қамтамасыз ету. Екі елдің спортшылары түрлі деңгейдегі жарыстарға белсене қатысып, бірлескен оқу-жаттығу жиындарын өткізіп келеді. Мәселен, 2023 жылдың шілде айында бокстан әйелдер құрамасы Кореяның Порен қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізді. Сондай-ақ былтыр Корея Республикасының спортшылары елімізде ұйымдастырылған жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында және күрес түрлері бойынша Азия біріншілігінде бақ сынады. 2023 жылдың тамызында корей спортшылары үстел теннисінен Алматыдағы «2023 WTT Contender Almaty» халықаралық турнирінде өнер көрсетті. Кездесу барысында министр екі елдің спорттық оқу орындары арасында ынтымақтастық орнатуға, футбол бойынша жолдастық матчтар өткізуге, спорттық тамақтану және спорттық медицина саласындағы тәжірибені зерттеуге, сондай-ақ биомеханика, психология және физиология саласындағы кәсіби спортты зерттеумен айналысатын қазақстандық мамандарды тағылымдамадан өткізуге ниетті екенін білдірді.



«Корея Республикасы көптеген спорт әуесқойлары мен тиімді инвестициялар сияқты маңызды факторлардың арқасында бүгінде спорттық державаға айналып отыр. Біз үшін екі елдің салалық федерациялары арасында тығыз байланыс орнату және тәжірибені зерделеу өте маңызды. Корей спортшыларына оқу-жаттығу жиындарын өткізуге республикалық олимпиадалық даярлық базасын ұсынамыз. Сондай-ақ биыл Қазақстанда V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары өтетінін атап өткім келеді. Дүбірлі додаға әлемнің 100-ден астам елінен 3 мыңнан аса спортшы қатысады деп жоспарлап отырмыз. Ойындар бағдарламасына дәстүрлі Корей күресі «ссирым» де енген. Корей делегациясы мен спортшыларын осы ауқымды іс-шараға қатысуға шақырамын», - деді Ермек Маржықпаев.




Корея Республикасының Елшісі кездесуге шақырғанына ризашылығын білдіріп, өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуге мүдделі екендігін жеткізді. Елші өз сөзінде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге сәттілік тілеп, екі ел арасында жыл сайын дамып келе жатқан туризм және спорт саласында көптеген байланыс нүктелері бар екенін атап өтті. Сонымен қатар кездесу барысында екі елдің өкілдері Канвонда өтетін Жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпия ойындарын талқылап, осы жарыстан, қазақстандық спортшылардан қандай нәтиже күтетініне қатысты ой бөлісті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#спорт #туризм #қарым-қатынас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жаңбыр жауып, 3 градусқа дейін үсік жүреді: ауа райы болжамы

Бүгін 09:25

Күштірек, жылдамырақ, ақылдырақ: Алматы жастары «Бес қару» сынынан өтті

Кеше 18:39

Қазақстан мен Әзербайжан «ТурАн» атты бірлескен туроператорды іске қосты

Кеше 18:37

Астанада тіс емдетуге барған 20 жастағы жігіт көз жұмды

Кеше 17:51

Алматыда «Таза Қазақстан» акциясы аясында жергілікті сенбілік өткізілді

Кеше 15:57
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="99"]'); } }, 1500);