Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан мен Fufeng Group ауыл шаруашылығы жобасы...

Қазақстан мен Fufeng Group ауыл шаруашылығы жобасын іске қосады

Экономика 01.11.2024, 11:41 801
Қазақстан мен Fufeng Group ауыл шаруашылығы жобасын іске қосады
primeminister.kz

Олжас Бектенов Fufeng Group басшысы Ли Сюэчунмен ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу жобасын талқылады

Қазақстан Премьер-министрі Олжас Бектенов Қытайдың Fufeng Group компаниясының басқарма төрағасы Ли Сюэчунмен агроөнеркәсіп және көмір химиясы саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Кездесуде терең өңдеуге және ұзақмерзімді инвестициялық серіктестікке ерекше назар аударылды.

Fufeng Group Company Limited – аминқышқылдары мен олардың туындыларын өндіруге, сондай-ақ осы саладағы зерттеулер мен әзірлемелерге маманданған био-ферменттеу индустриясындағы әлемдік көшбасшы. Компания натрий глутаматы мен ксантан шайырының әлемдегі ең ірі өндірушілерінің бірі саналады.

Кездесу барысында Fufeng Group-тың Қазақстанда крахмалды қант пен аминқышқылдарын өндіру зауыттарын, көмір жылу электр стансасы мен ағынды суларды тазарту стансасын қамтитын жүгеріні терең өңдеуге арналған өндірістік парк құру туралы ұсынысы талқыланды.

Бидай мен жүгеріні терең өңдеу қосылған құны жоғары өнімдер – крахмал, аминқышқылдары, натрий глутаматы және ксантан шайырының өндірісін қамтамасыз етеді. Бұл өнімдер шикізат бағасынан 10-15 есе жоғары тұрады. Жоба аясында 1 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ, ал инвестиция көлемі шамамен $300-350 млн-ды құрайды.

Ли Сюэчунь компанияның ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру, сапалы тыңайтқыштармен қамтамасыз ету және қазақстандық мамандармен заманауи агротехнологиялар бойынша тәжірибе алмасуға дайын екендігін айтты. Сондай-ақ ол көмір-химия саласындағы ынтымақтастыққа қызығушылық білдірді.

Қазақстан Премьер-министрі Мемлекет басшысының экономиканы өсіруге арналған мақсаттары аясында агроөнеркәсіп кешеніне инвестиция құюдың маңыздылығын атап өтті.

«Қазақстан қосылған құны жоғары өнімдер өндірісін дамытуға ұмтылуда, ал астықты терең өңдеу кешендерін салу – біздің басым бағыттарымыздың бірі. Бұл экономиканы әртараптандыруға және экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Бізде инфрақұрылым, шикізат және мемлекеттік қолдау бар. Жоба агроөнеркәсіп секторында қосымша құн құрудың және озық технологиялар енгізудің жарқын үлгісі болады. Үкімет тарапынан қажетті қолдау көрсетіледі», — деді Олжас Бектенов.

Қазақстан нарығында Fufeng Group сияқты ірі ойыншының келуі ауыл шаруашылығы дақылдарын, әсіресе солтүстік аймақтарда астық егуді әртараптандыруға ықпал етеді. Компанияның қазақстандық фермерлермен жоспарлы оффтейк-келісімшарттар жасауы тиімді ынтымақтастықты қамтамасыз етеді.

Кездесу қорытындысында Премьер-министр Ауыл шаруашылығы, Өнеркәсіп және құрылыс министрліктеріне Fufeng Group компаниясымен инвестициялық келісімді жеделдетіп дайындау жөнінде тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Олжас Бектенов #Fufeng Group #Ауыл шаруашылығы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда өңірлік «Аналитика мектебіне» өтінім қабылдау басталды: қатысушылар қаланың болашағы үшін шешімдер әзірлейді

Бүгін 15:46

Қазақстанда мұғалімдерді аттестаттауға қатысты жаңа өзгерістер енгізілді

Бүгін 15:26

Ұлттық метаболикалық код 2026: болашақтың медицинасы үшін пәнаралық диалог

Бүгін 14:52

Алматыда 200-ден астам тұрғын реновация бағдарламасы аясында жаңа баспана алды

Бүгін 14:43

Алматыда қазақ лингвистикасы цифрлық дәуірге аяқ басты

Бүгін 14:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика