AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қат...

Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады

Әлеумет 22.07.2024, 12:05 804 dulatbekova
Қазақстан мен АҚШ инвестиция саласындағы қарым-қатынастарды дамыту мәселелерін талқылады
Сурет: Gov.kz

Сыртқы істер министрінің орынбасары Назира Нұрбаева «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік» бағдарламасының АҚШ-тың арнайы үйлестірушісінің міндетін атқарушы Хелайна Мацамен кездесті.

 Кездесуде тараптар көлік-логистика, таза энергия, ауыл шаруашылығы өнімдерін, сирек жер металдарын өндіру және өңдеу салаларындағы жобаларға инвестиция салу мүмкіндіктерін талқылады, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Сыртқы істер министрлігіне сілтеме жасап.

G7 «Жаһандық инфрақұрылым және инвестициялық серіктестік» бағдарламасы дамушы елдердегі инфрақұрылымдық жобаларға 2027 жылға қарай 600 миллиард АҚШ долларын инвестиция салуды көздейді.

Сұхбат барысында Н.Нұрбаева Қазақстанның көлік инфрақұрылымын, оның ішінде Ақтау және Құрық теңіз порттары арқылы дамыту, таза энергия өндіру, маңызды пайдалы қазбалар мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру салаларындағы жобаларды іске асыру перспективалары туралы айтып берді. Министрдің орынбасары Орталық Азия өңірінің осы салалардағы ұзақ мерзімді серіктестік үшін зор әлеуеті бар екенін атап өтіп, Қазақстанның ортақ мақсаттарға жету үшін АҚШ-пен ынтымақтасуға дайын екенін білдірді.

Өз кезегінде Х.Маца «Үлкен жетілік» елдері Орталық Азиядағы инфрақұрылымдық жобаларға 200 миллиард АҚШ долларға дейін инвестиция салуға дайын екенін және мұндай жобаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттарының бірі – Қазақстан екенін атап өтті. Бағдарламаның негізгі мақсаты – Еуропалық нарықтарға одан әрі шығу арқылы Орталық Азия елдері арасындағы сауда қатынастарын кеңейту арқылы әлемдегі азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жеткізу тізбегін нығайту және әртараптандыру.

Кездесу соңында тараптар маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру және экономикалық байланыстарды нығайту үшін тараптар арасындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті.

 
 
Телеграм арнаға жазылыңыз
#СІМ #АҚШ #Қазақстан #инвестиция
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);