AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрыл...

Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрылады

Әлеумет 06.06.2022, 07:06 1,354
Қазақстан мектептерінде психологиялық қызмет құрылады
Сурет: Blog.psyalter.ru

Қызмет құрамына бірқатар мамандар кіретін болады.


Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидаларын ұсынып, құжат жобасын әзірледі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Egemen.kz сілтеме жасап. 


Құжат оқушылардың психологиялық әл-ауқатын сақтауға және нығайтуға, білім беру процесіне қатысушылар арасында қолайлы психологиялық ахуал қалыптастыруға, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды әлеуметтік, психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге бағытталған.


Психологиялық қызметтің келесі міндеттері белгіленген:



  • Жеке тәсілді қамтамасыз ету, білім алушылардың тұлғалық дамуына және психологиялық орнықтылығына жәрдемдесу, олардың психикалық және дене дамуы мен оқуының қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз ету, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік проблемаларды шешуге көмек көрсету;

  • Даму мен оқыту проблемаларының туындауының алдын алу үшін балалардың даму мүмкіндіктері мен ерекшеліктерін кешенді диагностикалау, білім беру процесінің барлық қатысушыларын сүйемелдеу;

  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдаудың жеке-дамыту бағдарламаларын әзірлеу және іске асыру, білім беру бағдарламаларын олардың ерекше білім беру қажеттіліктерін анықтау және бағалау негізінде білім алушылардың мүмкіндіктері мен қабілеттеріне бейімдеу;

  • Білім беру процесіне қатысушыларды сүйемелдеу бойынша педагогтер мен мамандардың пәнаралық, командалық тиімді өзара іс-қимылын қамтамасыз ету, жеке мүмкіндіктер мен ерекше қажеттіліктерді ескере отырып, білім алушыларды тәрбиелеу, оқыту және дамыту, әлеуметтендіру үшін қажетті жағдайлар жасау;

  • Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы қарым-қатынастарды реттеу, қарым-қатынастарды, ынтымақтастықты және өзара көмекті қолдау;

  • Барлығына сапалы білім беруді қамтамасыз ету үшін қажеттіліктердің әртүрлілігін ескере отырып, білім алушының педагогтері мен отбасына консультациялық-әдістемелік көмек;

  • Білім беру процесіне қатысушылардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыру.


Психологиялық қызметтің құрамына білім беру ұйымы басшысының (директорының) орынбасарлары, педагог-психолог, әлеуметтік педагог, сынып жетекшісі, арнайы педагогтер, педагог-ассистенттер, пән педагогтері, медицина қызметкері кіреді.


Психологиялық қызметтің құрамы білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.


Жалпы психологиялық қызмет өз қызметін диагностикалық, консультациялық, ақпараттық-түсіндіру, дамыту және ұйымдастыру-әдістемелік бағыттарда жүзеге асырады.


Құжат 17 маусымға дейін жария талқылау үшін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#бала #мектеп #Қазақстан #психолог
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы студенттері робототехника әлемдік додасында биік белесті бағындырды

Бүгін 22:32

Алматыда жасөспірімдер арасында көркем жүзуден ҚР чемпионаты аяқталды

Бүгін 20:27

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);