AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан машина жасаушыларының форумы өтеді

Қазақстан машина жасаушыларының форумы өтеді

Әлеумет 16.09.2022, 06:37 1,267
Қазақстан машина жасаушыларының форумы өтеді
Сурет: Egemen.kz

21-23 қыркүйекте Конгресс-орталығында және EXPO халықаралық көрме орталығында Қазақстан машина жасаушыларының X форумы және Kazakhstan Machinery Fair 2022 машина жасау және металл өңдеу бойынша II халықаралық мамандандырылған көрме өтеді.


Форумның тақырыбы: «Қазақстанның машина жасау саласы: жаңа заманның сын-тегеуріндері». Форум Республикасы Үкіметінің қолдауымен Қазақстан машина жасаушылар одағы, Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылмақ, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Форум машина жасау саласының өңірлік және халықаралық кәсіпорындары тап болып отырған сын-тегеуріндердің кең ауқымын шешетін пікірталас алаңы ретінде өзін танытты, оның шеңберінде экономиканы әртараптандыру, импортты алмастыру және жаңа экономикалық саясат тетіктері талқылануда.


Форум мен көрмені өткізудің мәнділігі мен маңыздылығын олардың нәтижелері дәлелдейді. 2021 жылы форум жұмысына Қазақстан Республикасынан, Германия Федеративтік Республикасынан, Италия Республикасынан, Австрия Республикасынан, Литва Республикасынан, Ресей Федерациясынан, Украинадан, Өзбекстан Республикасынан, Чех Республикасынан, Корея Республикасынан және Түркия Республикасынан 1 200-ден астам делегат қатысты.


Сондай-ақ көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік, оның ішінде әлемге әйгілі компаниялар қатысты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Машина жасау #Қазақстан #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);