конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан мал басын шетелге шығаруға тыйымды алты...

Қазақстан мал басын шетелге шығаруға тыйымды алты айға ұзартты

Әлеумет 13.03.2025, 16:08 806
Қазақстан мал басын шетелге шығаруға тыйымды алты айға ұзартты
Сурет: Polisia.kz

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2025 жылдың 13 наурызынан бастап алты айға малдың репродуктивті тобын  – ірі қара мен ұсақ қараны шетелге шығаруға тыйым салуды ұзартады. Бұл туралы aqshamnews.kz хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап. 

Министрлік осы мәселеге байланысты арнайы қаулы жобасын әзірлеп, оны "Ашық НҚА" порталында жариялап, қоғамдық талқылауға 20 наурызға дейін шығарды. 

 «Қазақстан Республикасының аумағынан ірі қара және ұсақ қараның репродуктивті тобын (маточное поголовье) шығаруға тыйым салу мерзімі алты айға ұзартылсын» делінген құжатта.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметтері бойынша, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда ірі қара малдың жалпы саны 7 842,6 мың басты құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 18,5%-ға артқан. Оның ішінде, ірі қараның аналық басы 4 380 мың бас немесе 19,7%-ға өскен.

2024 жылдың соңына қарай Қазақстанда 430 мың тонна ірі қара еті өндірілді, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға көп (399,3 мың тонна). Ал ұсақ қара малдың саны 18 522,6 мың басты құрап, өткен жылмен салыстырғанда 9,2%-ға өскен. Сонымен қатар, республикада 132,8 мың тонна қой етін өндірген.

Министрлік сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстанда 213 ет өңдейтін кәсіпорын жұмыс істеп, олардың жалпы қуаты жылына 412 мың тонна етті (құс етін қоспағанда) құрайтынын атап өтті. 2024 жылы ірі және ұсақ қара малды өңдеу көлемі 270 мың тоннаға жетті, бұл 2023 жылмен салыстырғанда 17%-ға көп (230 мың тонна).

Ауыл шаруашылығы министрлігі тыйымның ұзартылуына байланысты келесі себептерді алға тартты: көрші елдерде ірі қара мен ұсақ қара малға жоғары сұраныс байқалады, бұл өз кезегінде шетелге мал шығарудың артуына ықпал етеді. Ал бұл жағдай Қазақстанның мал шаруашылығы мен ет өнімдерін өңдеу саласының дамуына кері әсерін тигізуі мүмкін.

Қазақстанда малды шетелге шығару тыйымы 2022 жылдан бері күшінде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ауыл шаруашылығы министрлігі #ірі қара мал #ұсақ қара мал
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Бұл – жаңа дәуірдің бастауы». Актер Бақыт Тушаев қазақстандықтарды Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:23

Алматы жастары қала тұрғындарын Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысуға шақырды

Кеше 18:20

ӘЧ-2026-дан кейін «Алтын допқа» басты үміткерлер белгілі болды

Кеше 15:33

Алматыда көптонналы жүк көлігі бетон қоршауға соғылды

Кеше 14:46

Алматының Наурызбай және Алатау аудандарының бір бөлігінде газ уақытша өшіріледі

Кеше 11:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);