Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақстан Каспийде төрт паром салуды жоспарлап оты...

Қазақстан Каспийде төрт паром салуды жоспарлап отыр

Әлем 01.05.2022, 10:30 1,665
Қазақстан Каспийде төрт паром салуды жоспарлап отыр
Сурет: Inform.kz

Жалпы экспорттық әлеует 170 миллион долларға бағаланады
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Қазақстан-Грузия сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссияның он бірінші отырысын қорытындылады. Оған жасаған жұмыс сапары барысында қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz министрліктің Telegram–дағы каналына сілтеме жасап.


Ведомство басшысы хабарлағандай, отырыс барысында тараптар Транскаспий халықаралық көлік бағдарын дамыту перспективаларын қарастырды. Қайырбек Өскенбаев бұл бағытта қазақстандық экспорттың ұлғаятынын, оның ішінде Қытайдан транзиттің көлемі ұлғая беретінін, осы орайда Грузия аумағы арқылы транзиттің ыңғайлылығын сақтай отырып, ынтымақтастықты одан әрі дамыту керектігін атап өтті.


«Транскаспий бағыты Грузия экспортының саудасын одан әрі кеңейтуге катализатор болады. Каспий теңізінде қолайлы бәсекеге қабілетті тарифті белгілеуге ықпал ететін төрт паром салуды жоспарлап отырмыз», - деді министр. 


Бұған дейін хабарланғандай, 31 наурызда Грузия, Әзербайжан, Түркия және Қазақстан Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту туралы төртжақты мәлімдемеге қол қойды. Ол сондай-ақ екі ел арасындағы өзара сауда-саттықты арттыру үшін айтарлықтай әлеует бар екенін атап өтті. 


Қазақстандық компаниялар металлургия, мұнай-химия, тамақ және машина жасау, сондай-ақ фармацевтика сынды бірқатар салада өңделген тауарлар экспортын арттыруға дайын. Жалпы экспорттық әлеует 170 миллион долларға бағаланады. Өз кезегінде, үкіметаралық комиссия отырысында Грузияның вице-премьері, экономика және тұрақты даму министрі Леван Давиташвили елдің сиыр етін, сүт өнімдерін, макарон өнімдерін, өсімдік майы мен бидай ұнын жеткізуге мүдделі екенін атап өтті. 


Қазақстан экспорттаушы кәсіпорындардың тізбесін ұсынуға, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында 40 атау бойынша Грузияға өнім экспортын ұлғайтуға дайын екенін жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан астық экспорттаушылары нарық негізінде Грузия нарығына бидай жеткізуге дайын. 


Сондай-ақ, отырыс барысында тараптар автомобиль көлігімен жүк тасымалдау үшін 2022 жылға рұқсат бланкілерін және 2023 жылға алдын ала квота алмастыруды белгіледі. Сонымен қатар, қазақстандық тарап грузиялық авиакомпанияларға Қазақстанға тұрақты рейс ұшыруды ұсынды. Бүгінгі таңда отандық «Эйр Астана», «Fly Arystan» және «SCAT» авиакомпаниялары Грузияға тұрақты түрде 19 рейс орындайды. Қазақстан мен Грузия Үкіметаралық комиссиясының он бірінші отырысы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастың орнағанына 30 жыл толуына орай өткізілді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Паром #экспорт #Грузия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32

Алматыда дәмханаға заңсыз салынған нысан сүріліп жатыр

Бүгін 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика