AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /  Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік дең...

 Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты

Әлеумет 13.05.2025, 16:06 783 Bakyt
 Қазақстан жұмысшы кадрларды даярлауда әлемдік деңгейге шықты
gov.kz

10 колледж халықаралық тәжірибе алмасуда 

Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында қазақстандық колледждерді интернационалдандыру жүргізілуде. Бұл – ТжКБ жүйесін трансформациялаудағы басым бағыттардың бірі, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта салалық ведомство шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізуде. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Франция секілді елдердің жетекші білім беру ұйымдары мен кәсіпорындары бар. Ынтымақтастық аясында академиялық ұтқырлыққа, тағылымдама мен тәжірибе алмасу бағдарламаларына, халықаралық білім беру стандарттарын, қос диплом алу бағдарламаларын енгізуге, сондай-ақ педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға ерекше көңіл бөлінуде.

«Жұмысшы мамандықтарының жылы аясындағы негізгі іс-шаралардың бірі – колледждерді интернационалдандыру. Басты мақсат – олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру, оқу бағдарламаларын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру және заманауи еңбек нарығының сын-қатерлеріне жауап бере алатын мамандарды даярлауға жағдай жасау», – дейді Техникалық және кәсіптік білім департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.

Осы бастама аясында 2025 жылы еліміз бойынша 10 колледж интернационалдандырылады. Олардың қатарында – Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, Астана қаласының қоғамдық тамақтану және сервис колледжі, Шымкент қаласының жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжі және басқалары бар. Бүгінде осы ұйымдардың студенттері мен педагогтері Жапония, Франция, Қытай, Түркия және басқа елдердің колледждерінде және серіктес кәсіпорындарында оқудан және тағылымдамадан өтуде.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмысшы #маман #тәжірибе
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);