Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан жаңа демократиялық модельге көшті

Қазақстан жаңа демократиялық модельге көшті

Әлеумет 16.09.2022, 05:12 1,085
Қазақстан жаңа демократиялық модельге көшті
Сурет: Zakon.kz

Елімізде Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімін 8 жылға дейін ұлғайту көзделіп отыр.


Бұл туралы ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Әділет министрі Қанат Мусин айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Әлемдік практикаға сәйкес, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімі оларды тағайындайтын адамдардың өкілеттік мерзімінен асып кетуі керек. Мысалы, Германия, Италия, Испания, Португалия және басқа да бірқатар елдердің конституциялық соттары осылай қалыптасады. Бұл Конституциялық Сот судьяларының әртүрлі саяси күштердің әсерінен тәуелсіздігінің негізгі кепілі», - деді «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» заң жобасын таныстырған министр.



Қанат Мусиннің атап өтуінше, осыған байланысты заң жобасында Конституциялық Соттың судьялары қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, Конституциялық Сот судьяларының өкілеттік мерзімдерін 8 жылға дейін ұлғайту көзделген.



Бұған дейін Қ.Мусин астана атауын қайтаруға қатысты айта келе: «Елорда атауын өзгерту мәселесін азаматтар ұзақ уақыт бойы кеңінен талқылауда. Ол кездесулер барысында және референдум кезінде азаматтардың үндеулерінде көтерілді. Сондықтан қоғамдық пікірді ескере отырып, депутаттардың бұл ұсынысы заң жобасына енгізілді», - деген болатын.



Сондай-ақ Әділет министрі Президенттің мандатын қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге шектеу туралы норма Конституцияның ажырамас бөлігіне айналатынын атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Конституциялық сот #демократиялық модель #өкілеттік мерзім
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Кеше 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Кеше 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Кеше 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Кеше 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Кеше 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика