Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспортт...

Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын

Экономика 09.04.2025, 15:44 761
Қазақстан Иранға жылына 2 млн тонна бидай экспорттауға дайын
Сурет: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Иранның Қазақстандағы елшісі Али Акбар Джоукармен кездесу өткізді.

Тараптар ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылап, ауылшаруашылық өнімдерінің өзара жеткізілімдерін кеңейту үшін мүмкін болатын қадамдарды анықтады.

Айдарбек Сапаров Қазақстан мен Иран арасындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің саудасы бойынша оң динамиканы атап өтті. 2025 жылдың алғашқы екі айының қорытындысы бойынша екі ел арасындағы АӨК өнімдері саудасының көлемі 72,4 миллион АҚШ долларын құрады, бұл 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 147,9%-ға артық. Қазақстаннан жеткізілетін негізгі тауарлар арасында арпа, күнбағыс күнжарасы, ұсақ және ірі қара мал еті, өсімдік майлары, жүгері, көкөністер мен бұршақ дақылдары бар.

«Біздің міндетіміз — ауыл шаруашылығы саласындағы екіжақты сауданы арттыруды жалғастыру. Маңызды бағыттардың бірі — Иранға астық дақылдарын жеткізуді кеңейту. Соңғы 10 жылда Қазақстан сіздердің нарыққа 9 миллион тоннадан астам астық, оның ішінде бидай мен арпа экспорттады. Біз бидай экспортын жылына 2 миллион тоннаға дейін, ал арпа экспортын 1 миллион тоннаға дейін арттыруға дайынбыз», — деп атап өтті министр.

Иран елшісі, өз кезегінде, ауыл шаруашылығы саласындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға және өзара жеткізілімдерді белсендендіруге қызығушылық білдірді.

«Біз Қазақстанмен өзара іс-қимылды тереңдетуге, әсіресе ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істеуге ұмтыламыз. Өнім жеткізілімдерін кеңейту, астық импортын арттыру және бірлескен кәсіпорындар құру — бұл біздің ел үшін басым міндеттер», — деп мәлімдеді Али Акбар Джоукар.

Айдарбек Сапаров барлық ұсынылған бастамаларды қолдауға дайын екендігін растады.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы жұмыс тобы аясында серіктестікті нығайтуды жалғастыру туралы келісімге келді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Иран #бидай #экспорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыдан 853 шақырым жерде жер сілкінді

Бүгін 09:12

Жайдарманның үздік командалары Алматыда бас қосты

Кеше 20:41

Алматыда Зенков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 20:35

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Кеше 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Кеше 19:13
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика