конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыд...

Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Әлеумет 28.04.2026, 14:40 354
Қазақстан халқының бірлігі күні қарсаңында Алматыда мәдени-ағартушылық жұмысты күшейтпекші

Алматыда осының қарсаңында қоғамдық бірлікті нығайтуға бағытталған мәдени-ағартушылық жұмыстар күшейтілмек, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

1 мамыр күні еліміз Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Бұл – бейбітшілік, келісім мен өзара түсіністіктің мерекесі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы қалалық немістердің «Возрождение» мәдени-этникалық қоғамының төрайымы Людмила Набокова мәлімдеді.

Оның айтуынша, бүгінде этномәдени бірлестіктердің қызметі ұлттық дәстүрлерді сақтаумен қатар, жалпы азаматтық бірегейлікті қалыптастыруды да қамтиды. Білім беру курстары, мәдени-ағартушылық жобалар, басқа этномәдени бірлестіктермен бірлескен іс-шаралар, сондай-ақ конференциялар мен оқыту бағдарламалары қатар қолға алынып жатыр.

«Жастар арасында да ұлттық дәстүрге деген қызығушылық артып отыр. Бұған білім беру бағдарламалары, ұрпақтар сабақтастығы, мәдени-көпшілік іс-шаралар, әлеуметтік желілер мен онлайн байқаулар сияқты қазіргі заманғы форматтар көп ықпал етіп жатыр», – деп атап өтті спикер.

Людмила Набокованың айтуынша, бұл ең күні ерекше күн екен.

«Әртүрлі болғанымызға қарамастан, бұл мереке бәрімізді бір үйдің баласы екенімізді сезінуге мүмкіндік береді», – деп ағынан жарылды ол.

Негізгі бастамалардың қатарында «Бір шаңырақ астында» жобасы, неміс мәдениеті күндері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық музейімен бірлесіп жыл сайын өткізілетін іс-шаралар бар.

Спикер атап өткендей, этномәдени бірлестіктер қаланың дамуына зор үлес қосып отыр. Олар мәдени мұраны сақтап, қоғамдық келісімді нығайтуға, әлеуметтік тұрақтылықты қолдауға ықпал етіп келе жатыр.

«Қазір қай ұлттың өкілі болмасын, бәрі өзін ең алдымен қазақстандық ретінде қабылдай бастады. Бұл біздің бірлігіміздың арқасы», – дейді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#1 мамыр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан Firebird AI компаниясы үшін негізгі нарықтардың біріне айналды: Екібастұзда қуаты 125 МВт болатын AI-инфрақұрылым дамып келеді

Бүгін 13:18

Алматыда жасөспірімдер арасындағы және отбасылық-тұрмыстық қылмыс деңгейі төмендеді

Бүгін 12:25

Алматыдағы YE концертіне 60 тегін шаттл қатынайды: көлік қозғалысы мен жол шектеулері қалай ұйымдастырылады

Бүгін 12:21

Есту қабілеті төмен қазақстандықтар мүгедектікті рәсімдемей-ақ есту аппаратын ала алады

Бүгін 12:10

Алматыда Абай ескерткішіне гүл қою рәсімі өтті

Бүгін 11:56
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);