AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының м...

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының мүшелері саяси реформаны қолдайды

Әлеумет 20.02.2026, 16:37 232 yakiya
Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының мүшелері саяси реформаны қолдайды
Қазақстан халқы Ассамблеясы

Қазақстан халқы Ассамблеясының Журналистер клубы алаңында алматылық сарапшылар және баспасөз өкілдері жаңа Конституцияның бағыт-бағдарын және алда болатын Референдумның маңызын талқылады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктердің басшылары мен ҚХА қоғамдық құрылымдарының өкілдері қатысқан жиында жаңа Конституция жобасының негізгі ережелері және олардың мемлекеттің одан әрі дамуы үшін маңызы атап өтілді. Сондай-ақ елдің орнықты және жүйелі дамуының маңызды факторы ретінде этносаралық өзара іс-қимылды дамытуға ерекше назар аударылды.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Журналистер клубының төрағасы Олеся Клименко клуб құрамындағы этножурналистер әріптестерін жаңа Конституция туралы және алда өтетін Референдумның мақсат-мүддесін халыққа түсіндіру жұмыстарына барынша атсалысуға үндеп отыратынын атап өтті.

”Біз қоғам үшін өзекті деп танылған мәселені бүгінгідей жиі талқылап отырамыз. Себебі, оқырманымызға оны адастырмайтындай дұрыс, нақты әрі ресми ақпарат жетуі тиіс деп ойлаймын. Біз тарататын, түсіндіретін ақпараттар арқылы оқырманның жаңа Конституция, Референдум туралы толық мәлімет алуы маңызды. Әрине, тек газет бетіндегі материалдармен шектеліп қалмай, электрондық нұсқамызды, YouTube каналдарымызды, әлеуметтік желідегі парақшаларымызды да осы тұрғыда сәтті пайдаланумыз. Біздің ақпараттық платформаларымызды қадағалап отыратын шетелдік оқырмандарымыз да аз емес. Ел ішіндегі бірлік пен өзара түсіністік, этносаралық татулық Қазақстанның тұрақты дамуының өзегі екенін әр оқырманның жүрегіне жеткізе білсек, саясаттағы ішкі және сыртқы беделіміз де биік болмақ”, – дейді әріптесіміз Олеся Клименко.

Журналистер клубының мүшелері жаңа Конституция елдің ең басты құндылығын айқындап, қоғамды ұйыстыратын негізгі бағыттарды нақтылап отырғанын айта келе, реформаны қолдайтындықтарын жеткізді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан халқы Ассамблеясы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай Президент атынан 60 пәтердің кілті мен 13 мемлекеттік награда табысталды

Бүгін 20:26

Дуалдық оқыту жүйесінің тиімділігі: Демо емтихан – студент білімінің айнасы

Бүгін 18:28

Алматыда 2026 жылдың басынан бері үшінші үшем дүниеге келді

Бүгін 17:31

Алматының орталығындағы заңсыз нысан сот шешімімен сүріліп жатыр

Бүгін 17:21

8 мыңға жуық оқушы бадминтонмен тұрақты айналысуға мүмкіндік алады

Бүгін 17:19
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);