Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар

Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл: негізгі жетістіктер мен болашақ жоспарлар Сурет видео скрині

Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясы (ҚХА) өзінің 30 жылдық мерейтойын атап өтуде. Осыған орай Алматыдағы Өңірлік коммуникациялар қызметінде ҚХА мүшелерінің қатысуымен брифинг өтті. Жиында мәдени орталықтардың этносаралық келісімді нығайтудағы рөлі талқыланып, мерейтойға арналған іс-шаралар жоспары таныстырылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Алматы қаласы ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Болат Оспановтың айтуынша, Ассамблея түрлі этностардың тоғысуына, бірліктің нығаюына және ұлттық бірегейліктің дамуына ықпал етті.

«Бейбітшілік пен келісім саясаты халықтың бірлігі – мемлекеттілікті қалыптастыру, нығайту және дамытудағы негізгі фактор екенін дәлелдеді. Ассамблея алғашқы жылдары елдегі этностардың мүддесін қорғау мақсатында құрылса, бүгінде ол барлық қазақстандық этностарды біртұтас халық ретінде біріктіру жолында маңызды жұмыс атқаруда. Бұл үдеріс азаматтық қағидаттарға, ортақ мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ біріктіруші құндылықтарға негізделген», – деп атап өтті Б. Оспанов.

Спикер сонымен қатар ҚХА аясында көптеген бастамалардың жүзеге асырылғанын айтты. Олардың қатарында Аналар кеңестері, Ақсақалдар кеңесі, «Ассамблея жастары» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Жомарт жан» қайырымдылық орталықтары, медиация кеңестері, Жас ғалымдар клубы және еліміздің барлық өңірлерінде жұмыс істейтін 34 Достық үйі бар. Бұл азаматтық институттар елдегі этносаралық келісім мен әлеуметтік бірлікті нығайтуда маңызды рөл атқарып, мыңнан астам этномәдени бірлестікті ортақ іске жұмылдырды.

ҚХА қызметінде қайырымдылық ерекше орын алады. Оның жарқын мысалдарының бірі – «Жүректен – жүрекке» жобасы. Осы бастама аясында су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 1700 тоннадан астам гуманитарлық көмек жеткізілді. Жалпы көмектің көлемі 805 миллион теңгеден асты, ал бұл бастамаға 12 мыңнан астам ҚХА еріктісі қатысты.

«Қазақстан ұйғырларының Республикалық мәдени орталығы» Қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдулхалил Долкунтай өз сөзінде ұйымның ең маңызды жетістіктерінің бірі – елдегі бейбітшілікті сақтау екенін атап өтті. Бұл тұрақтылық экономикалық, мәдени және әлеуметтік салалардың дамуының негізі болып табылады.

«Бүгінде мемлекеттік тіл барлық этностарды біріктіретін факторға айналды, бұған Қазақстан халқы Ассамблеясы айтарлықтай үлес қосты. Мемлекет Ассамблея арқылы этностардың тілі мен мәдениетін дамытуға қолайлы жағдай жасады. Ассамблея бүкіл қазақстандық қоғамды дамыту арқылы жалпымемлекеттік міндеттерді орындайды», – деп айтты ол.

Брифингке сондай-ақ профессор, тарих ғылымдарының кандидаты, Алматы қаласы ҚХА мүшесі Мендыганым Шаймерденова қатысты. Ол өз сөзінде ҚХА жанындағы ғылыми-сараптамалық кеңес пен ғылыми-сараптамалық топтардың қызметі туралы айтты.

«ҚХА ғылыми-сараптамалық кеңестері Қазақстанның барлық дерлік ірі қалаларында жұмыс істейді. Біз этносаралық және конфессияаралық өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, ғылыми мақалалардың тұсаукесері, еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан көрнекті қайраткерлерге арналған халықаралық конференциялар өткіземіз. Конференция жинақтары мен монографиялары дайындалып, оларды оқу орындары мен этномәдени бірлестіктер арасында таратамыз», – деп атап өтті ол.

Сондай-ақ спикер ақпан айында белгілі түркітанушы Ерлан Еспенбетовтің қатысуымен жастарды Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстыруға бағытталған ірі ғылыми семинар өткізу жоспарланғанын айтты.

Алматыда Ассамблеяның мерейтойын мерекелеу аясында барлығы 400-ден астам түрлі іс-шаралар, соның ішінде республикалық және өңірлік форумдар, ғылыми-тәжірибелік конференциялар, дөңгелек үстелдер, этномәдени фестивальдер мен қайырымдылық акциялары, шығармашылық кештер, спорттық турнирлер және т.б. жоспарланған. Қазақстандық бірегейлікті нығайтуға және мәдениетті дамытуға ықпал ететін жобаларға ерекше назар аударылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнату
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

19:06

18:49

18:12

18:05

17:53

17:26

17:22

16:56

16:30

16:23

15:49

15:37

15:22

15:16

15:10

14:48

14:46

14:43

14:15

14:01

13:37

13:02

12:52

12:50

12:47