AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына и...

Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды

Әлеумет 26.05.2022, 16:00 1,544 Almaty-akshamy
Қазақстан халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды
Cурет: Inform.kz

Елімізде халал өнімдер шығаратын 4 200-ден астам өндіруші бар


Қазақстан халал өнімдерін сертификаттауды жүргізу құқығы ие болды. Мұндай рұқсат Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық аккредиттеу орталығынан алынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бүгін Біріккен Араб Әмірліктерінің халықаралық аккредиттеу орталығы ҚазСтандарт зертханасын аккредиттеу туралы ресми құжат берді. ҚазСтандарт зертханасы, сондай-ақ халал өнімдерін сертификаттау құқығына ие болды.



«Ел ішінде Халал халықаралық сертификатын алу мүмкіндігі экспортты арттыруға ынталандырады деп сенемін. Егер қазір кәсіпорындар халал сертификатын алу үшін (импорттаушы елде) бір партияға 7 мыңнан 30 мың долларға дейін жұмсаса, Қазақстандағы сертификаттау құны сериялық өндіріске 700 мың теңгеден (1,5 мың доллар) басталады. Бұл зертхананың сертификаттау нәтижелері Парсы шығанағындағы барлық араб мемлекеттерінің (Бахрейн, Катар, Кувейт, БАӘ, Оман, Сауд Арабиясы) аумағында мойындалады. Сонымен қатар экспорт көлемін басқа аймақтарға, мәселен Иран, ТМД, Түркия және басқа елдерге ұлғайта аламыз», - деп жазды Бақыт Сұлтанов Facebook-парақшасында.



Вице-премьердің дерегінше, Қазақстанда тамақ өнімдері, тоқыма, фармацевтика, тұрмыстық химия және косметика сынды халал өнімдер шығаратын 4 200-ден астам өндіруші бар.



«Айтпақшы, зертханамыз ЕАЭО пен Орталық Азиядағы халықаралық талаптар бойынша аккредиттелген жалғыз зертхана саналады. Демек біз халал бойынша өңірлік хабқа айналудамыз. Азия, ЕАЭО және ТМД елдерінің кәсіпкерлері өз өнімдерінің сәйкестігін бағалау және Парсы шығанағы елдерінің нарығына шығу үшін біздің зертхананы пайдалана алады», - деді Б.Сұлтанов.



Бұдан бөлек, оның мәліметінше, Қазақстанда экспорт көлемін ұлғайту бойынша жұмыстар атқарылып жатыр.



«2025 жылға қарай шикізаттық емес экспорт көлемін 41 млрд долларға жеткізуді көздейміз. Жылдың алғашқы үш айында бірқатар негізгі сауда серіктесімізбен тауар айналымын едәуір ұлғайттық. Еуроодақ елдерімен өзара сауда көлемі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда шамамен 55,2 пайызға өсті. АҚШ-пен - 35,6, Қытаймен - 25,1 пайыз. Өсім шикізат және өңделген тауарларда да байқалады», - деді Үкімет басшысының орынбасары - Сауда және интеграция министрі.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#халал #сертификат #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Бүгін 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Бүгін 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);