Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан елдің мәдени және табиғи мұрасын сақтауғ...

Қазақстан елдің мәдени және табиғи мұрасын сақтауға бейілді

Әлеумет 20.11.2024, 16:50 940
Қазақстан елдің мәдени және табиғи мұрасын сақтауға бейілді
Сурет: Сыртқы істер министрлігі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы және Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтымен бірлесе отырып, қазақстандық дипломаттардың мәдени және табиғи мұраны сақтау саласындағы әлеуетін арттыруға бағытталған жыл сайынғы курстарды өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz 

Cыртқы істер министрлігінің мәліметінше, 2022 жылдан бастап іске асырылып келе жатқан бағдарлама дипломаттардың кәсіби даярлығын арттыру және әлемдік аренада мәдени және табиғи құндылықтарды ілгерілету мақсатында әлемдік мұраны сақтау жөніндегі халықаралық құралдарды қолдану туралы теориялық және тәжірибелік білім береді.

Бұл курстар Қазақстан аумағында алғаш рет ұйымдастырылды. Жетекші өңірлік және халықаралық сарапшылармен бірге курс қатысушылары ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұраның негізгі нысандары – Қожа Ахмет Ясауи кесенесі мен Ақсу-Жабағлы табиғи қорығын, сондай-ақ Түркістан, Отырар, Сауран, Күлтөбе ежелгі қалашықтарды қоса алғанда, «Ұлы Жібек жолы» трансұлттық номинациясының әлеуетті ескерткіштерін аралап көрді.

Бұл бағдарлама Қазақстанның жоғары халықаралық стандарттарға сәйкес өзінің бірегей мұрасын сақтап қалуға деген бейілділігін көрсетеді.

ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне Қазақстаннан алты номинация шеңберінде он жеті нысан енгізілген, бұл ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұраларды қорғау туралы конвенциясына сәйкес олардың сақталуын қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта Қазақстан Дүниежүзілік мұра комитетінің мүшесі бола отырып, ЮНЕСКО-ның осы беделді тізіміне жаңа нысандарды енгізу жөніндегі шешімдерді қабылдауда және оларды қорғау жөнінде ұсыныстар береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#мәдени мұра #Қазақстан #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Open Almaty арқылы өтініш қабылдауға арналған бірыңғай 109 нөмірі іске қосылды

Бүгін 20:28

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика