Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту...

Қазақстан Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығының 81-ші мүшесі болды

Әлеумет 12.10.2023, 12:13 1,083
Қазақстан Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығының 81-ші мүшесі болды
Сурет: Gov.kz





«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ Қазақстанның мемлекеттік жұмыспен қамту қызметінің өкілі ретінде Дүниежүзілік мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері қауымдастығына  кірді.


WAPES – бұл жұмыспен қамту қызметіне немесе еңбек нарығындағы саясатты жүзеге асыруға жауапты мемлекеттік және үкіметтік органдардың халықаралық коммерциялық емес қауымдастығы, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап. 


Оны 1988 жылы Канада, Франция, Германия, Нидерланды, Швеция және АҚШ Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтері Халықаралық еңбек ұйымымен бірлесіп құрған болатын.


WAPES-ке қатысушы елдер өзара жаһандық кәсіби байланысты қолдайды, жұмысқа орналастыру, көші-қон, кәсіптік оқыту және мемлекеттік жұмыспен қамту қызметтерінің (бұдан әрі – МЖҚ) бірлескен жобалары мен іс-шаралары шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асырады.


Қазақстанның Мемлекеттік жұмыспен қамту қызметіне облыс орталықтары мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларындағы 20 еңбек мобилділігі орталығы, аудандар мен қалаларда орналасқан 207 мансаптық орталық, жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті органдар кіреді.


Жұмыспен қамту саласындағы саясатты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі айқындайды. ЕРДО өз кезегінде еңбек нарығын ақпараттық-талдамалық сүйемелдеуді, жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларын, жұмыспен қамту қызметін әдіснамалық қолдауды, әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесін дамытуды және сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.


Қауымдастықтың мүшесі бола отырып, Қазақстан жұмыспен қамту және еңбек нарығы саласында ақпарат алмасу мақсатында WAPES-ке қатысушы елдермен байланыста болып, МЖҚ саласындағы үрдістер туралы хабардар болады, WAPES жүргізетін жобалар мен зерттеулерге қатыса алады.


Бұл Қазақстанның жұмыспен қамту қызметінің кәсіби әлеуетін арттыруға және оның қызметіне озық халықаралық тәжірибені енгізуге, сондай-ақ МЖҚ стратегиясы мен қызметі бойынша жаһандық диалогқа үлес қосуға, Қазақстанның халықаралық аренадағы жұмыспен қамту саласындағы жетістіктері туралы мәлімдеуге мүмкіндік береді.









Телеграм арнаға жазылыңыз
#жұмыспен қамту #қауымдастық #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика