4-қыркүйек күні Қазақстан – бақыт мекенім» түрлі этнос өкілдерінің өнер фестивалі ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараның мақсаты: Қазақстанда тұратын түрлі этнос өкілдерінің мәдениеті, салт-дәстүрі мен өнерін насихаттау, достық пен бірлікті нығайту, жас ұрпақты Отанды сүюге, өзге мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеу. Фестиваль қызу дайындықпен басталды. Іс-шара мәдениет үйінің сыртқы ауласында, кең аспан аясында ұйымдастырылды.Кенттегі мектептер мен колледж, мұражай мен ғылыми зерттеу институтынан ескерткіш жәдігерлер әкелініп, арнайы көрмелер жасақталды, № 25 моделді кітапхана да кентіміздің ақын-жазушыларының еңбектерінен арнайы кітап көрмесін жасады.
Фестиваль барысында кенттегі түрлі этнос өкілдері атап айтқанда,қазақ биі "Ұлытау" биімен бастап, славян мәдени орталығы , тәжік мәдени орталығы, өзбек мәдени орталығы және сондай-ақ кавказ халықтары билерімен ұласты.
Фестивалға этнос орталықтары арнайы ұлттық тағамдардан көрме жасап, шараға жиналған көрермендер дәм татып бағларын беріп, жылы лебіздерін жаудырды. Асықата өңірінен келген қонағымыз Әлима Жолдыбаева Н.Тілендиевтің "Өз елім" атты әнімен тәмәмдады. Қорытынды сөзге шыққан мәдениет ардагері Шарапхан Әріпбаев, ауданның құрметті азаматы Айыпберген Балатабаев, кент ардагерлер қоғамының төрағасы Қилыбай Ирсаевтар кенттің өткені мен келешегі туралы келелі әңгімелер айтып, келешекте осындай игі шаралардың көптеп өтуіне тілектестік білдірді. Іс-шара соңында фестиваль қатысушыларына алғыс хаттар табысталды. Фестиваль жоғары деңгейде өтті.Фестивальге 200 ге жуық адам қатысты.
Атакент кенті мәдениет үйінің меңгерушісі: Д.Тажибаева