AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашыл...

Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді

Мәдени Алматы Бүгін 15:52 12
Қазақстандық музыканттарға Қытай нарығына жол ашылады: Алматыда халықаралық конференция өтеді
Алматы әкімдігі

Меморандумға 29-31 қазан аралығында Қытайда өткен IMX Shanghai музыкалық форумы барысында қол қойылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Colisium және IMX Shanghai халықаралық платформалары музыка индустриясы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Келісім Азия және ТМД елдері арасындағы кәсіби байланысты дамытуға бағытталған. Бірлескен жобалар талқыланатын алаңдардың бірі Алматы болмақ. Мұнда 20-21 қараша күндері Марков көшесі, 44 мекенжайындағы Almaty Creative кеңістігінде Colisium Almaty конференциясы өтеді. Бұл туралы қалалық туризм басқармасының өкілдері айтты.

Меморандумға 29-31 қазан аралығында Қытайда өткен IMX Shanghai музыкалық форумы барысында қол қойылды. Тараптар концерт ұйымдастырушылары, продюсерлер, музыкалық лейблдер мен артистердің менеджерлері арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

Конференцияда Қытай музыка нарығының қыр-сыры, шетелдік орындаушыларды жергілікті аудиторияға таныту жолдары және гастрольдік концерттерді ұйымдастыру тәртібі талқыланады. Жиынға Жапония, Оңтүстік Корея, Ұлыбритания, АҚШ, Ресей және Өзбекстаннан келген сала мамандары да қатыспақ.

Бағдарламада музыканы халықаралық платформалар арқылы тарату, шетелде концерт өткізу, музыкалық лейблдермен жұмыс істеу және артистердің халықаралық фестивальдерге қатысуы секілді өзекті мәселелер қамтылған.

Бұл кездесу қазақстандық орындаушылар мен продюсерлерге шетелдік музыка бизнесінің өкілдерімен тікелей ынтымақтастық жайын талқылауға жол ашады.

Алматыда креативті индустрия саласында 21 мыңнан астам субъект жұмыс істейді. Музыка саласы – осы сектордың маңызды бағыттарының бірі.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қызылордада Президент Жолдауының басым бағыттары талқыланды

Бүгін 15:32

Алматының Жетісу ауданында өнеркәсіп өндірісі 8,5%-ға өсті

Бүгін 15:31

Берлинде Alatau City-ді дамыту бойынша 11 келісімге қол қойылды

Бүгін 15:30

Алматының Жетісу ауданында 1 520 оқушы орны ашылды

Бүгін 15:29

Алматының Жетісу ауданында 40 көше жөнделеді

Бүгін 15:26
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);