AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан Ауғанстанға 1,9 млн долларға көмек көрсе...

Қазақстан Ауғанстанға 1,9 млн долларға көмек көрсетті

Саясат 26.12.2021, 06:00 1,926
Қазақстан Ауғанстанға 1,9 млн долларға көмек көрсетті
Cурет: Inbusiness.kz

Президенттің тапсырмасы бойынша бұл елге 5 мың тонна ұн жіберілген


  Қазақстан Ауғанстанға 1,9 млн доллан болатын 155 тонна көлемінде азық-түлік және дәрі-дәрмек салынған гуманитарлық жүк жіберді. Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 


Министрліктің дерегінше, ведомство басшысы Ауғанстан астанасы Кабулға барған. Сапар барысында Бақыт Сұлтанов Ауғанстан премьер-министрінің орынбасары Абдулла Салам Ханафи, сыртқы істер министрі Амир Хан Муттаки,  сауда және өнеркәсіп министрі Нуриддин Азизимен кездескен. 


Министр Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Қазақстан  Ауғанстанға 5 мың тонна ұнды гуманитарлық көмек ретінде жібергенін айтты. 



«Бүгін біз қосымша 1,5 тонна жүк (дәрі-дәрмек) әкелдік. Сондай-ақ 1,9 млн доллар болатын 155 тонна азық-түлік және дәрі-дәрмек салынған гуманитарлық жүк жіберілді. Жақында ол Ауғанстан аумағына өтеді» - деді Бақыт Сұлтанов. 



Ол Дүниежүзілік азық-түлік бағдарламасы 20 мың тонна қазақстандық ұнды сатып алғанын айтты.



«Қазақстан көптеген халықаралық әріптес сияқты, ауғанаралық қақтығыстың белсенді кезеңі аяқталды және елді жанжалдан кейінгі кезеңде қалпына келтіру уақыты келді деп үміттенеміз» - деді министр. 



Сонымен қатар Бақыт Сұлтанов Қазақстан билігі Ауғанстанның ішкі ісіне араласпайтынын атап өтті. 



«Біз дәстүрлі түрде терроризм мен есірткі қылмысынан азат бейбіт, біртұтас, тәуелсіз және өркендеген Ауғанстанды қолдаймыз. Ауған халқы бейбітшілікті орнату және одан әрі даму үшін өз болашағын өзі анықтауға құқылы», - деді басшы.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#ауғанстан #көмек #Ұн экспорты
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда World Tennis Бас ассамблеясы өтеді

Бүгін 17:55

Ауладағы алаңнан үлкен арманға: Алматының Жетісу ауданында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында аулалар жаңартылды

Бүгін 17:01

Неліктен қыздарға 11-13 жасында АПВ-ға қарсы вакцинация ұсынылады?

Бүгін 16:58

Алматы Онкологиялық орталығында сәулелік терапияны жоспарлаудың зияткерлік жүйесі енгізілді

Бүгін 16:56

Наурызбай ауданында «Халық қатысатын бюджет» аясында 35 жоба іске асырылуда

Бүгін 16:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);