Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан әскерінің қуаты әлем бойынша 19-орында

Қазақстан әскерінің қуаты әлем бойынша 19-орында

Әлеумет 31.10.2023, 04:17 1,108
Қазақстан әскерінің қуаты әлем бойынша 19-орында
Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігі

Қазақстан 87 елдің ішінде жиырмалықта тұр. 


News & World Report әлем елдері әскерінің әлеуетіне зерттеу жүргізді. Нәтижесінде Қазақстан 87 елдің ішінде 19-қатарға, Өзбекстан (18-ші орын) мен БАӘ (20-шы орын) ортасына орналасты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Әскер күшінің рейтингі — елдің қуатын анықтайтын негізгі алты көрсеткіштің бірі.


Әскері ең күшті ел Ресей болып қала бермек, одан кейін орында АҚШ болса, үздік үштікті Қытай түйіндеді. Израиль 4-ші, Украина 6-шы қатарда тұрғанын да айта кеткен жөн.


Олардан бөлек әскері мықты 10 елдің қатарына Оңтүстік Корея, Иран, Ұлыбритания, Германия мен Түркия енген.


Рейтингте Беларусь елі 12-орында, Әзербайжан 24-ші орында екенін айта кетейік.


Ең әлсіз әскер Люксембург, Сингапур мен Эстонияда болып шықты.


Рейтинг әлемнің 36 мемлекетіндегі 17,2 мың адамнан сауалнама алу арқылы жасалды.


Елдер 73 түрлі критерий арқылы бағаланды.


Өзбекстан әскер күші бойынша Қазақстаннан 0,2 ұпайға алда, яғни 16 және 15,8 ұпай.


Дегенмен бұған дейін Қазақстан екі жыл қатарынан көршісінен басым болған: 2021 жылы — 25,6 және 21,5 болса, 2022 жылы — 12,6 және 10,8 ұпай.


Стокгольм әлем мәселелерін зерттеу халықаралық институтының (SIPRI) дерегінше, ақпарат ұсынған ОА елдерінің ішінде Қазақстанның әскери бюджеті ең жоғары екен.


Мәселен, 2022 жылы ол 1,1 млрд АҚШ долларына жетсе, Қырғызстан мен Тәжікстанда бұл көрсеткіш 149,8 млн және 103,5 млн АҚШ доллары болды.


Оған қоса Қазақстан әскери қажеттілік шығынын 1,2 трлн теңгеге (қазіргі курс бойынша 2,4 млрд АҚШ доллары) дейін арттыруды көздеп отыр.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан әскері #қуаты #рейтинг #Әлем
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда су басу қаупінің алдын алу үшін қызметтер тәулік бойы кезекшілікке көшірілді

Бүгін 22:35

Алматыда «Қаладағы заң» атты жастар квесті басталды

Бүгін 20:45

Бокстан Бразилиядағы әлем кубогына шолу

Бүгін 18:48

200 қазақстандық оқушы Хьюстондағы робототехникадан әлем чемпионатына қатысады

Бүгін 18:41

Екі қазақстандық спортшы Азия чемпионатының жартылай финалына шықты

Бүгін 18:35
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика