Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль дәл...

Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль дәліздері кеңейтіледі

Әлеумет 29.03.2022, 06:00 1,716
Қазақстан арқылы өтетін халықаралық автомобиль дәліздері кеңейтіледі
Сурет: Wikipedia.org

Автомобиль дәліздері жаңартылады.


Қазақстан Үкіметі мемлекет аумағы арқылы өтетін 8 халықаралық транзиттік автомобиль дәлізін жаңартуды көздеп отыр. Бұл жұмыстарды 2030 жылы аяқтауды жоспарлауда. Бұл туралы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Үкімет отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 



«2747 шақырымдық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәліз Қытайдан Қазақстан, Ресей арқылы және одан әрі Еуропаға, сондай-ақ Орта Азия елдеріне транзиттік ағынды қамтамасыз етеді. Оны толық реконструкциялау 2009-2017 жылдары жүргізілді. Көлік ағынының артуына байланысты 2023-2030 жылдары Қызылордадан Ресей шекарасына дейінгі ұзақтығы 1 363 шақырым болатын учаскені І техникалық санатқа кезең-кезеңімен ауыстыру жоспарланып отыр», - делінген министрліктің хабарламасында.



«Алматы – Қарағанды - Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорғандағы РФ шекарасы» дәлізімен Орта Азия елдерінен және Қытайдан Қазақстан, Ресей және одан әрі Еуропаға транзит өтеді. «Алматы-Қарағанды» учаскесін ІІ техникалық санатқа ауыстыра отырып, 2023 жылы реконструкциялау көзделіп отыр.


«Нұр-Сұлтан – Қостанай - Челябинскідегі РФ шекарасы» көлік дәлізінің ұзақтығы 860 шақырым. Ол Орта Азия елдерінен Қазақстан, Ресей және одан әрі Еуропаға транзиттік ағынды қамтамасыз етеді. Қозғалыс қарқынының артуына байланысты «Нұр-Сұлтан – Қостанай – Челябинскідегі Ресей шекарасы» учаскесін 2023 жылға дейін І техникалық санатқа ауыстыру жоспарлануда.


«Қытай шекарасы – Майқапшағай - Қалбатау – Семей – Павлодар -Омбыдағы РФ шекарасы» дәлізі - шығыс өңірдің негізгі бағыттарының бірі. Ол бойынша транзит Қытайдан Қазақстан, Ресей аумағы арқылы және одан әрі Еуропаға бағытталады. Қазір «Қытай шекарасы – Майқапшағай -Қалбатау» учаскесін реконструкциялау жүргізілуде. Жұмыстар 2023 жылы аяқталады.


«Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха - Барнауылдағы РФ шекарасы» көлік дәлізінің ұзақтығы 1210 шақырым. Бұл да Орталық Азия мен Қытайдан Қазақстан арқылы Ресейдің шығыс өңірлеріне және Қиыр Шығысқа транзитті қамтамасыз ететін үлкен сұранысқа ие бағыт. Қазір «Талдықорған – Өскемен» автожолы жаңартылуда. Жұмыстар 2023 жылы толық аяқталады.


893 шақырымдық «Ақтөбе – Қандыағаш – Мақат – Атырау - Астраханьдағы РФ шекарасы» дәлізімен Өзбекстан мен Түрікменстанның Қазақстан және Ресей арқылы Еуропаға транзиті өтеді. «Ақтөбе-Қандыағаш» және «Атырау-Астрахань» учаскелерін 2023 жылы жаңарту жоспарланып отыр. Биыл «Қандыағаш-Мақат-Атырау» учаскесін реконструкциялау аяқталады.


«Ақтөбе – Орал - Самара» көлік дәлізі Оралдан Самараға және одан әрі Брест арқылы Еуропаға апарады.


ТРАСЕКА көлік дәлізі қазіргі геосаяси жағдайға байланысты үлкен сұранысқа ие. Ол Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізінің негізгі бөлігі арқылы өтеді және Ақтөбе мен Доссор арқылы Қазақстанның теңіз порттарына шығады. Ақтау және Құрық теңіз порты арқылы Қытайдан және Орта Азия елдерінен Кавказға және одан әрі Еуропаға транзитті қамтамасыз етеді. Қазір «Ақтөбе-Қандыағаш-Мақат» учаскелері жаңартылып жатыр. «Бейнеу-Шалқар-Ырғыз» учаскесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. 2025-2028 жылдарға жоспарланған жұмыстың нәтижесінде дәліздің қашықтығы 580 шақырымға қысқарады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жол #дәліз #Қазақстан #дороги
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі