AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады

Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады

Әлеумет 25.12.2024, 11:25 1,074 dulatbekova
Қазақстан Арменияға ет экспорттай бастады
Сурет: Gov.kz

Алғашқы 20 тонна мұздатылған шошқа еті Ереванға экспортталды.

Экспорттаушы – Солтүстік Қазақстанның EMC Agro компаниясы, деп хабарлайды aqshamnews.kz

АШМ хабарлауынша, бұл кәсіпорын үшін шетелдік кәсіпкерлермен алғашқы ынтымақтастық тәжірибесі болды, себебі бұған дейін өнімдері тек Қазақстанда сатылып келген.

«Біз сондай-ақ шошқа етін Грузияға экспорттау туралы келіссөздер жүргіздік. Жақын күндері бұл елге де алғашқы 20 тонна ет жіберіледі.

Мұны Қазақстан үшін үлкен жетістік деп айтуға болады, өйткені біз үшін бұл нарық енді ғана ашылуда. Армения мен Грузия бізден ай сайын 400 тонна ет сатып алуға дайын екенін білдірді.

Айта кету керек, біздің кәсіпорын ай сайын ел ішінде 700-800 тонна шошқа етін сатады. Сондықтан, егер біз осы екі бағытпен ұзақ мерзімді ынтымақтастық орнатсақ, өніміміздің 50%-ы шетелге жіберіледі», - дейді компания өкілдері.

Жалпы, EMC Agro әлемдегі ең ірі шошқа еті тұтынушысы болып табылатын Қытаймен ынтымақтастықты қарастыруда. Биылғы жазда Қытай ет қауымдастығының өкілдері EMC Agro өнеркәсіп кешеніне барып, өндірісті тексергеннен кейін, жылына 20 мың тонна шошқа етін импорттауға қызығушылық танытты.

Осыған байланысты компания ҚХР-дың Бас Кеден Басқармасының ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізушілер тізіліміне ену жұмыстарын жүргізуде.

EMC Agro – Қазақстандағы ет өңдеу кәсіпорындарының көшбасшысы. Компания жоғары сапалы, экологиялық таза өнім өндіруге және оны түпкілікті тұтынушыларға жеткізуге бағытталған. Ет комбинатының өндірістік қуаты жылына 20 000 тонна ет және тәулігіне 30 тонна дайын өнім шығаруға мүмкіндік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ет #экспорт #шетелге #Қазақстан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);