Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Қазақстан – Америка: Мақсаттар мен мүдделер

Қазақстан – Америка: Мақсаттар мен мүдделер

Саясат 21.09.2023, 04:14 1,363
Қазақстан – Америка: Мақсаттар мен мүдделер
almaty-akshamy.kz

АҚШ-қа ҚАЗАҚСТАННАН НЕ КЕРЕК?


Америкаға Қазақстанның батыс идеологиясы аясында еркіндік пен демократия фор­ватерінде жүріп, екінші жағы­нан Каспийде мұнай өндіріп жатқан Шевронмен дос болып қала бергені керек. Орталық Азиядағы аймақтық қауіпсіздік мәселесінде АҚШ Өзбекстанға көбірек сенім ар­тады. Себебі, Пентагон Қа­зақстанда Ресейдің әскери позициясы әлі сақталып отыр деп есептейді. ОДКБ, Байқо­ңыр кешені мен Сары-Шаған полигоны оған әрине дәлел.


Қазақстан Вашингтонға экономикалық жағынан қара­ғанда, саяси тұрғыдан көбірек керек. Егер АҚШ Орталық Азияны Ресей мен Қытайға қарсы маятник ретінде қол­данғысы келсе, онда бұл рөлге екі алпауытпен де шектесетін Қазақстан ғана тура келеді. Әзірге АҚШ Қазақстанның Ресейдің параллельді импор­тына көмектесуін мүмкіндігін­ше тоқтатқысы келіп отыр.



ҚАЗАҚСТАНҒА  АҚШ-тан НЕ КЕРЕК?


Бізге инвестиция керек. Одан да дәлірек айтсақ, енді шикізатқа емес, дайын өнім өңдеуге деген инвестиция қажет болып тұр. Доллармен қоса, технологиялар келіп жатса тіпті жақ­сы. Қарапайым тілмен түсіндірсек, Қазақстан АҚШ бізге келіп, Apple, Tesla, IBM сияқты көп күшті зауыттар салып, онда көптеген отандастары­мыз жақсы жалақыға жұмыс істесе екен деп армандайды. Сонда біздегі кедейлік пен бюджет проблемасы шешілер еді. Сондықтан осы кездесу­ден кейін символикалық, психология­лық кедергі болып тұрған «Джексон- Веник түзетуі» алынып тасталады деген ой бар.


Қазақстан үшін АҚШ нөмірі бірінші сауда серіктесі емес. АҚШ үшін Қазақстан тіпті 60-шы орындарда деуге келеді. Олар бізге тауарымызды алатын елден гөрі, инвестиция құятын ел ретінде бағалы. 1993 жылдан бері АҚШ-тан бізге келген инвестиция кө­лемі 62 миллиард доллардан асқан. Сонда да бір қызығы, инвестиция бо­йынша АҚШ бірінші орында дей ал­маймыз. Көп шуламайтын Нидерлан­ды мемлекеті 30 жылдың ішінде бізге 110 миллиард доллар құйып тастаған.



Керек дерек


АҚШ пен Қазақстан арасындағы тауар айналымы 2022 жылы рекордтық деңгейге жетіп, 3,1 миллиард долларды құрады. АҚШ- тың бізден аларынан бергені көп болды. Біз оларға 1,2 миллиард дол­лардың тауарын экспорттасақ, мұхиттың арғы жағынан келген импорт 1,9 миллиард долларға шықты. Яғни сауда балансында жа­ғымды сальдо АҚШ жағында. Америкаға біз мұнай мен ферроқорыт­палар жібереміз. Ал ол жақтан ұшақ, көліктер, айфон мен макбук­тар алдырамыз.


Ал биылғы қаңтар–шілде айларында АҚШ-қа бізден баратын экспорт 737,8 миллион доллардан асты. LSM мәліметінше, сату көлемінің негізгі бөлігін мұнай – 509,6 мың тонна (-25,8%), ұшақтар мен тікұшақтар – 92,3 тонна және ферроқорытпалар – 61,6 мың тонна (+0,5%) құраған. Өз кезегінде Америка Құрама Штаттарынан келетін импорт 1,6 еседен астам өскен. Қазір оның көлемі 1,6 мил­лиард доллар болды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #Америка #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Медеу ауданында кәсіби бағдар беру акциясы жалғасып жатыр

Бүгін 22:20

3 мыңнан астам өтінім: Алматыда JAS GALA ауқымды студенттік шығармашылық фестивалі басталды

Бүгін 18:27

«Amanat» қолдауы нақты нәтижеге жеткізді: алматылық отбасының өмірі қалпына келтірілді

Бүгін 17:55

Тоқаев Дина Исламбекова мен Надежда Рябецті бокстан Азия чемпионы атануымен құттықтады

Бүгін 17:38

Қазақстан Қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Бакуге сапармен барды

Бүгін 17:32
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика