AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақша КВН-нің 20 жылдан астам тарихы бар

Қазақша КВН-нің 20 жылдан астам тарихы бар

Әлеумет 08.11.2022, 07:53 1,938
Қазақша КВН-нің 20 жылдан астам тарихы бар
almaty-akshamy.kz

«Қазақстан КТК Одағы» Алматы филиалының директоры Оңдасын Құлымбетов Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында болды. Бүгін, 8 қараша Халықаралық КВН күні, көңілділер мен тапқырлар клубына қатысы бар барша жанның бейресми мерекесі. Спикер отандық көңілді тапқырлар клубының қалай қалыптасқанын айтып берді, - деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қазақстан КТК Одағы елімізде 20 жылдан астам қызмет етіп келеді. Қазір Қазақстанның барлық өңірінде филиалдары бар. Қазақша КТК ойындары 1999 жылдан бері шығып келеді. О.Құлымбетовтың айтуынша, қазақша КТК тарихы 20 жылдан асты, алғашқы ойындар 1999 жылы өткен. Бүгінде еліміздің әрбір өңірінде бұл клубтың филиалдары бар. 


Көңілді және тапқырлар клубының Алматыдағы филиалында 8 адам бар, олардың бәрі ойынды дамытумен айналысады, КТК ойыншыларының бастамасын Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы қолдайды. 



«Жыл сайын КТК маусымы қыркүйекте басталып, 1 желтоқсанда аяқталады. Қазір жартылай финал өтіп жатыр, 15 қарашада «Студенттер сарайында» финалдық ойынды өткізуді жоспарлап отырмыз. Кіру - тегін, сондықтан әрбір көрерменге қуанамыз.  Алдағы уақытта ірі жобалар жасау, халықаралық ойындарды өткізу жоспарымыз бар», - деді О.Құлымбетов 



Спикердің ақпараты бойынша, биыл Алматыда 10 КТК ойыны өтті, сондай концерттердің бірі Көк Төбеде 30 тамызда өтті, кеше 7 қараша күні Студенттер сарайында да КТК ойындары өтті.  Бұл сында Талдықорған құрамасы жеңіске жетіп, 200 мың теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық алды. 



«Бүгін КТК Бас лигасының ұйымдастыруымен «Чемпиондар чемпионы» атағы үшін ойындар өтеді. Ал ертең сағат 19:00-де «Студенттер сарайында» КТК күніне арналған арнайы жоба өтеді», - деді О.Құлымбетов.



ӨКҚ қонағы Алматы студенттер қаласы екенін және мұнда КТК ойындарын түрлі стильде ойнайтын талантты жастардың өте көп екенін атап өтті. Сонымен бірге, біздің қалада қыздардың КТК құрамасы да бар, ол болашақ филологтар мен журналистерден құралған.  КТК жаңалықтары туралы Jaidarman_Almaty парақшасынан білуге болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Алматы #тапқырлар #клубы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);