AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Қазақ тілі емтиханы жаңа белеске көтерілуде

Қазақ тілі емтиханы жаңа белеске көтерілуде

Әлеумет 30.05.2024, 11:46 977 Манат Сағынбекқызы Аширбекова, №98 мектептің директоры
Қазақ тілі емтиханы жаңа белеске көтерілуде
almaty-akshamy.kz

Биыл еліміздің мектеп оқушылары алғаш рет ҚР Оқу-ағарту министрлігінің бастамасымен қазақ тілі пәнінен емтихан тапсыруда. Бұл жаңашыл қадам халық тарапынан зор қолдау тауып отыр, себебі ол мемлекеттік тілге деген құрметтің айқын көрінісі.

Қазақ тілі емтиханының басты мақсаты – білім алушылардың оқу бағдарламаларын игеру деңгейін, оқу және жазу сауаттылығын анықтау. Қала мектептерінің 5-8 және 10 сынып оқушылары 31 мамырға дейін бұл сынақтан өтеді. Емтиханның нақты уақытын әрбір оқу орны өзі белгілейді, ал емтихан жазбаша және ауызша форматта өткізіледі.

Емтихан барысында оқушылар эссе жазу, мәтінді оқу, әңгімелесу және мәтінді түсіну бойынша өз шеберліктерін көрсетеді. №98  мектебінде қазақ және орыс сыныптары бар, сондықтан емтихан екі тілде өткізіледі. 

"Тілге құрмет – елге құрмет" деген нақыл сөзді еске ала отырып, мектеп мұғалімдері емтихан тапсырмаларын өздері әзірлеп, білім беру ұйымының әкімшілігі бекітеді. Емтиханды мектеп мұғалімдері өздері қабылдайды.

Емтихан барлық мектептерде таңертеңгі сағат 9:00-де басталады. Оқушылар сыныпқа кіргенде ұялы телефондарын тапсырып, мұғалімдер дайындаған билеттерді алып, жауап беруге кіріседі.

Бұл бастама мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыруға және білім беру сапасын жақсартуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ тілі емтиханы #ҚР Оқу-ағарту министрлігі #мектеп оқушылары #№98 мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);