AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Әлем 26.03.2026, 15:22 234 Дина
Қазақ қызы Бангкок төрінде бас жүлде жеңіп алды

Қазақстандық 10 жастағы модель Алтынай Баймұратова Бангкокта өткен халықаралық «Kids Star International 2025» сұлулық және талант байқауында Гран-при иеленді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz тілшісі.

Байқау Таиланд астанасы Бангкок қаласында 2025 жылғы 1-7 желтоқсан аралығында өтті. Оған Болгария, Үндістан, Ресей, Филиппин, Таиланд, Тайвань, Малайзия, Лаос, Индонезия, Мьянма, Аустралия және өзге де елдердің өкілдері қатысты.

Бір аптаға созылған додада Алтынай бірнеше кезең бойынша өнер көрсетті. Ол таланттар байқауында қазақ тілінде патриоттық ән орындап, дефиледе бақ сынады. Сонымен қатар «Үздік Disney киімі», «Үздік жағажай образы», «Үздік отбасы», «Мисс және Мистер Достық» аталымдары бойынша да қатысқан. Қатысушылар арасында ең фотогенді және ең әртіс үміткерлер де анықталған.

Жоба аясында Алтынай анасымен және өзге қатысушылармен бірге Бангкоктағы балалар үйіне барып, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға көмек көрсеткен.

Байқаудың финалы 2025 жылғы 7 желтоқсанда өтіп, қорытындысында Алтынай Баймұратова басты жүлде – Гран-приді жеңіп алды. Осылайша Қазақстан аталған ауқымды халықаралық балалар байқауында алғаш рет жеңіске жетті.

Бұдан бөлек, қазақстандық қатысушы Disney желісі бойынша фея Динь-Динь образын сәтті сомдағаны үшін арнайы марапатқа ие болды.

WORLD KIDS BEAUTY ASSOCIATION және MINI MISS MISTER WORLD халықаралық ұйымының Қазақстандағы ұлттық директоры Айжамал Осмонованың айтуынша, жобаның басты мақсаты – жас модельдерді таныту ғана емес, Қазақстанды халықаралық деңгейде таныстыру.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Жеңіс күніне арналған велошеру өтті

Бүгін 18:12

ІІМ табиғи және тарихи нысандарды бүлдіруге қатысты ескерту жасады

Бүгін 17:19

Бүгін Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды

Бүгін 16:57

Атырауда Қарабалиндер отбасының өлімі: күдікті кінәсін мойындады

Бүгін 14:36

Алматы Gault&Millau-мен бірге өңірдің жаңа гастрономиялық астанасына айналып келеді

Бүгін 12:36
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);