Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ қыздарының сәулесі - тұмарымен айбынды

Қазақ қыздарының сәулесі - тұмарымен айбынды

Мәдениет Бүгін 10:45 82
Қазақ қыздарының сәулесі - тұмарымен айбынды
МАЭ РАН

Қазақ халқы ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін ару-анаға деген қасиетті сақтаумен қатар ғылымға, білімге, өнерге, жаңалыққа талпынуына шектеу қоймай, заман үндестігімен сабақтастыра білген. Өйткені, халқымыз қыздар тәрбиесін қай заманда да ұлы мұрат-міндеттерінің бірінен санаған. Жастайынан  «болашақ ана» деп мәпелеп, бетінен қақпай, еркін өсірген. Мейірімділікке, ізеттілікке, инабаттылыққа тәрбиелеген.

Қыз баланың барған жеріне «балдай батып, судай сіңіп кетуі», әдепті келін, аяулы жар аталуы ол алған тәрбиесіне байланысты екендігін әрбір отбасы жақсы түсінген. Сол себепті қыздарды ертеден үй шаруасына бейімдеп өсірген.

Әрбір ана өзінің қызына бес саусағынан өнері тамған шеберлікті насихаттап, үй шаруасына икемділікке баулыған. Бойжеткен тіл-көзден сақ болсын әрі ажарына сән берсін деп әшекейлермен безендірген. Тұмар таққан.

Қазақ халқы ою-өрнекті киелі қасиетті деп санаған. Ал, тұмар - зиянды тылсым күштерден, тіл-көзден сақтайды деп сенген ежелден келе жатқан қазақ халқының бұйымы. Әдетте, қазақ халқы қыз баласын ерекше мәпелеп, алақандарына салып, тәлім-тәрбие берген, «Қыз-қонақ»деген.

Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының кезеңіндегі фашистік Германияның тұтқиылдан бастаған /1941-1945жж/ шабуылында қазақ халқының ер азаматтары алғашқылардың бірі болып майданға аттанды. Олардың Отан үшін от кешіп, жан тәсілім болғандары қаншама?! Қаншама аналар жесір, балалар жетім қалды. Әрбір отбасына «Қара қағаз» келіп, қара жамылған ауыр күндер бірінен соң - бірі қайталанып жатқан кезі. Елде бала оқытатын мұғалім тапшы. Осы кезде арнайы қыздар оқитын оқу орнын ашу мәселесі көтерілді. Осыған байланысты 1944 жылдың тамыз айында республика басшылары Ж.Шаяхметов пен Н.Оңдасынов орталыққа ұсыныс білдірді. Артынша, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институтының негізі қаланды. КОКП Орталық Комтеті бюросының қабылдаған «Қазақ жастарынан жоғары дәрежелі педагог мамандар дайындау» туралы қаулысы негізінде ҚазКСР Халық Комиссарлар Кеңесінің №457 қаулысымен Алматы қаласында ашылды. Институттың ашылуына Қаныш Сәтбаев, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Ғабит Мүсірепов, Ілияс Омаров т.б.  еліміздің күллі зиялы қауымы өнер-білім саласындағы қызметкерлері қызу қолдап, ақ жолтай тілектерін білдірді.

Тұңғыш рет кәсіби білім ордасының ашылу салтанатында жазушы М.Әуезов: «Тәңір жазса, бұл институт қазіргі және болашақтағы қазақ қыздарының шамшырағына айналады. Осы шамшырақтың жарық сәулесі ешқашан сөнбесін дейік» деген ақ тілегі қабыл болып, КСРО тарихында алғаш рет педагог мамандарды даярлайтын қыздар институты құрылды.

Сол уақытта жаңадан ашылған оқу орнында тарих, тіл және әдебиет, физика-математика факультеттері құрылды. Әр факультетке 30 студент қабылданды. Сонымен бірге 2 жылдық дайындық курстары ашылды.

Сексен жылдан астам тарихы бар, отандық жоғары білімнің қара шаңырағы - Қыздар университетінің бас символы - Тұмар.

Қазақ халқы сұлулыққа, әдемілікке сырт көзбен ғана сұқтанып, тамсанып қана қоймай, сол әсемде әдемі өнерді өздері жасаушы болғанына ешкім де күмән келтіре алмайды. Қазақтардың салтында қыздардың және әйелдердің әшекейінің жоқ болуы әдеп қағидаларын сақтамау болып саналған. Себебі, олардың болмауы, қаралы күйді білдірген. Сондықтан әшекей қыз балаға жастайынан тағылып, өмір бойына серік болған.

Тұмар тағу ырымы түркілік дәстүрдің айқын бір көрінісі. Қазақ үшін-көк, күн, от, су, сияқты қара жер де киелі ұғымдардың бірі. «Қара жер» - киелі жер деген мағынада. Көшпенділер тағатын тұмардың ішінде туған жердің бір уыс топырағы болған. Халықтың байырғы түсінігінде тұмарша оюы бар бұйым адамды жын-шайтаннан сақтайды, жамандықты жолатпайды деген сенім болған. Тұмар-түрлі наным сенімге байланысты қорғаныш қызмет атқаратын зат. Оны тіл тиюден, көз сұғынудан, түрлі қауіп –қатерден, пәле-жаладан, тылсым күштерден қорғану мақсатында жасаған.

Міне, тұмардың айшықты белгісі - Қыздар университеті ғимаратының маңдай тұсында асқақтап тұруы бекер емес. Қазақта «Әйел бір қолымен бесікті тербетсе, екінші қолымен қоғамды тербетеді» деген ұғымның астарында үлкен сыр жатыр. Республиканың Білім және ғылым министрлігінің 2008жылғы 22-қыркүйектегі №531 бұйрығымен Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтына университет мәртебесі берілді.

Адами құндылықтарды бойына сіңірген ұрпақ өсіруде отбасының, ананың, әсіресе ұстаз аналардың атқарар рөлі ерекше. Қазақтың бір жағынан қайсар да өжет, екінші жағынан жүректері нәзік әрі мейірімді қыз-келіншектері ел басына күн туғанда оның қорғаны бола білген.

Елін бірлікке шақырған данагөй аналарға айналғаны тарихтан белгілі. Бүгіндері  осы үдеріс жалғасын тауып, жоғары оқу орнын бітірген білімді де білікті қайраткер әйелдермен толығып жатқанын ешкім жоққа шығара алмас.

Қыздар университетінде Нұртазина Р.Б., Құнантаева К.Қ., Беркімбаева Ш.К., Асанғазы О.А., Осман А.Ә., Ұзақбаева С.А., Бақтыгереева А.Б., Аубакирова Г.М., Исағұлова А.Ш., Қарамолдаева Г.Ж., Жадрина М.Ж., Нұршайықова Х.К, Хамзақызы Б., Елемесова Ж.Т., Ибраева А.К., Ералиева М.Е.  т.б. белгілі тұлғалар білім алды.

Сол сияқты бұл білім ордасынан өзінің Қыз Жібегін тапқан Төлегендер қаншама! Белгілі жазушы Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романының  басты кейіпкері Халима Қалиәкпарқызы осы кәсіби киелі оқу орнының білім алушысы болған. Белгілі ақын Ғафу Қайырбековтың :

Алматыда көшесі бар Гогольдің,

Сәулем, содан алғаш рет көріндің.

Әлі күнге тіл ұшында осы өлең

Айрылмайтын сыңарындай көңілдің !

Түсімде жиі көрем соны мен,

Жүрегімді демеп ыстық қолыммен,

Сол көшені бойлап келе жатырмын

Сағынды ма аңқылдаған ақынды,

Әлде көктем басы, сірә жақын-ды.

Сәлем жолдап, сәрсенбінің сәтінде

Жаңбыр жауды, ЖенПИ бізді шақырды.

Қайран Гоголь көшесінде тұрдық-ау,

Үркер үстен ауып бара жатқанда.

ЖенПИ –десе, тағы қызық болардай,

Тағы маған жас күндерім соғардай,

Әдемі бір әбігерге түсемін.

Сезім деген ғажап екен, Ой, Аллай! -деген  өлең жырларын осындағы аруға /Бәдеш Хамзақызы/ ғашық болып, құлай сүйіп, болашақ жан-жарына арнаған жыр шумақтарынан махаббат лирикасын ашқандай!

Тұмары айшықталған қыздар университетінің кешегі мен бүгінгі тарихына айтар аңызға толы оқиғалардың бір ұшын ғана ұсынып отырмыз.

Оқу орнының негізі қаланғаннан бастап, ақын-жазушылар, өнер шеберлері, еңбек озаттары мен зиялы қауым өкілдері қамқорлық көрсетіп, тығыз байланыста болғандығына нақты  дәлелдер тарих беттерінде лайықты орын алған.

Жоғары мәдениет пен ұлттық намысты өз бойына сіңіре білген түлектер үбірлі-шүбірлі бала шағасымен, бесігімізді түзеп отыр.

Университет миссиясы-білім беру саласында еліміздің игілігі үшін озық білім мен ғылымды жасап, дамыта алатын, құндылықтарымызды тарата алатын көшбасшы ұстаздарды қалыптастыру.

Қазіргі уақытта Қыздар университеті республикамыздың білім сапасын қамтамасыздандыру агенттігі жүргізген бас рейтинг бойынша еліміздегі 60 жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының көшбасында тұр.

«Қыз-бұл тек қамқор және мұқият адамның қолында гүлдейтін гүл» дейтін қазақ халқының нақыл сөзі бар. Университет басшылығы ауыл мен қала білімінің аражігін жалғап, болашақ мұғалімдердің білікті маман ретінде қалыптасуына баса назар аударып отыр. «Ғылыми серіктестік: университет-мектеп» бағытында жүргізілетін тәжірибелік семинарлар мектептермен ғылыми серіктестікті дамытатын маңызды кәсіби алаң ретінде жұмыс атқаруда.

«Ұл өсірсең – ұрпағыңды сақтайсың, қыз өсірсең - ұлтыңды сақтайсың» - деген ұлағатты өсиеттің өркенін өсіруге жасалған қолдау, сұлулық пен нәзіктікті қорғау.

Университеттің студенттері шығармашылық ізденіс жолындағы жетістіктерімен қатар, өнер, спорт салаларымен де әлемді таңқалдыруда. Жасанды Интеллект және Цифрлық технологияның қыр-сырын меңгерген университет арулары Ғылыми Жоба сайыстарынан алда топ жарып, келешек балалар ұстаханасын нық ұстайтындықтарын дәлелдеуде.

Білікті маман, мықты педагог, ұлт тәрбиелеуші жастар осы Тұмары айшықталған парасат мектебінен түлеп ұшады.Осында  төрт жыл кәсіби жоғары білім алу барысында, жақсы ортада өзін-өзі ұстауды үйренеді, ал қалған өмірі осы қоғамды табуға тырысады.

Алматы қаласы - үлкен мегаполис. Ару қыздардың кәсіби білімін шыңдауғы орталықтар, кітапхана түрлері, арнайы мұрағат үйлері, мұражайлар т.б. мәдени орындардың қайсысы болмасын маңызды рөл атқарады.

Қазақтың Ұлы көшінде талантты да инабатты  педагогтарды қалыптастыру – үзіліссіз үдеріс. Себебі, ақпарат ағыны тасыған заманда ұлттық құндылықтармен сусындап өскен ұрпақ адаспайтыны анық!

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Білім берудегі теория мен практика» кафедрасы, білім беру бағдарламасының көшбасшысы, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор: Тукенова Қапиза Тукеновна

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қазақ қызы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды қала тазалығына бақылауды күшейтіп, жаңа көріктендіру бағдарламасын іске қосуды тапсырды

Бүгін 12:17

"Қорғастағы" 2 жылға созылған заңсыз есептеулер: прокуратура 19 инвесторды қорғап, бизнеске қаржысын қайтарды 

Бүгін 12:05

Қазақстандық семсерлесушілер Италиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 11:41

Алматыда 17 мың кәсіпкердің құқығы қорғалып, бизнеске қысым азайды

Бүгін 11:22

Алматыда Мемлекеттік басқару академиясына қабылдау басталды

Бүгін 11:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика