AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Қазақстанда кімдер амнистияға ілігуі мүмкін?

Қазақстанда кімдер амнистияға ілігуі мүмкін?

Заң мен тəртіп Бүгін 17:26 28 Дина
Қазақстанда кімдер амнистияға ілігуі мүмкін?

ІІМ елімізде кімдер қылмыстық және әкімшілік амнистияға ілігуі мүмкін екенін түсіндірді, деп хабарлайды Aqshamnews.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты Мемлекет басшысы қылмыстық және әкімшілік амнистия жүргізуді бастама етті. Бұл – құқық бұзған, бірақ қоғамға айтарлықтай қауіп төндірмейтін азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне жағдай жасауға бағытталған шара.

ІІМ мәліметінше, қылмыстық амнистия қылмыстық теріс қылықтар мен онша ауыр емес қылмыстар жасаған адамдарға қолданылады. Сондай-ақ ауырлығы орташа қылмыс үшін сотталғандар, егер келтірілген залал болмаса немесе толық өтелсе, амнистияға ілігуі мүмкін.

«Қылмыстық амнистия шаралары 15 мыңнан астам адамға, соның ішінде түзеу мекемелеріндегі 1,5 мың сотталғанға қатысты болуы мүмкін. Заң жобасы белгіленген нормаларды сақтауға және заңға бағынатын өмір салтын ұстануға дайын екенін дәлелдеген азаматтарды қоғамға қайтаруға жағдай жасауға бағытталған», – деді ІІМ заң мен норма шығармашылығын үйлестіру департаменті бастығының орынбасары Ермек Шүлден.

Сонымен қатар амнистия террористік, экстремистік және сыбайлас жемқорлық қылмыстарға, ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында жасалған әрекеттерге, азаптау деректеріне, сондай-ақ жыныстық тиіспеушілікке қарсы, әсіресе кәмелетке толмағандарға қатысты қылмыстарға қолданылмайды. Рецидив жағдайлары да амнистияға кірмейді.

Әкімшілік амнистия 15 мемлекеттік органның құзыретіне жататын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 263 бабын қамтиды. Оның аясында азаматтар, жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын тұлғалар 2026 жылғы 17 наурыз сағат 24:00-ге дейін жасалған құқық бұзушылықтар үшін орындалмаған әкімшілік айыппұлдардан босатылуы мүмкін.

Тек ІІМ желісі бойынша бұл шара 17 млрд теңгеден астам сомаға шамамен 1 млн әкімшілік айыппұлды қамтиды.

Алайда әкімшілік амнистия қару мен есірткінің заңсыз айналымына, мас күйде көлік жүргізуге, қарсы жолаққа шығуға, жүргізуші куәлігінен айыруға әкеп соққан өрескел жол ережесін бұзуға, қайталанған құқық бұзушылықтарға және соттар қарайтын істерге қолданылмайды.

Қазір заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауында.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда Балаларды қорғау күніне арналған BALA FEST – 2026 фестивалі өтеді

Бүгін 17:38

1 маусымда Алматыда балаларға арналған қандай іс-шаралар өтеді?

Бүгін 17:36

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды ҚКП ОК Саяси бюросының мүшесі Чэнь Вэньцинмен кездесті

Бүгін 17:33

Алматыдан Еуропаға: Варшаваға тікелей әуе рейсі ашылады

Бүгін 17:31

Таза ауа және бизнес: Алматыда экологиялық талаптар талқыланып жатыр

Бүгін 17:29
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);