Қазақ әртістері Қытайда өнер көрсетті

Қазақ әртістері Қытайда өнер көрсетті Cурет: Мәдените және ақпарат министрлігі

Қытайдағы Қазақстан туризм жылы аясында Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік академиялық концерттік ұйымының әртістері Дэчжоу мен Ланфан қалаларында өнер көрсетті.

Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Ардақ Балажанова, Салтанат Ахметова, Медет Чотабаев, Мәдениет қайраткері Ерболат Шалдыбеков, халықаралық және республикалық конкурстардың лауреаты Әділхан Макин, сондай-ақ «Гүлдер» және «Астана сазы» ансамбльдері қатысты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.

Өнерпаздар дәстүрлі және заманауи ұлт мәдениеті мен руханиятын таныстырып, отандық композиторлар мен халық әндерін шырқап, қазақтың киелі қара домбырасы мен қылқобызы арқылы ұлттық өнерімізді Қытай жұртшылығына паш етті.

Аталмыш іс-шара бейбітшілік пен келісімді мақсат тұтқан көрші халықтардың екіжақты қатынасының дамуына, ұлттар достығы мен сыйластығының артуына серпін береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

08:31

17:01

15:10

14:15

12:31

11:47

11:18

17:13

16:34

16:33

16:32

16:30

16:29

16:27

16:26

16:22

16:18

16:17

16:11

16:09

16:02

15:50

15:47

15:44

15:36