AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Қазақ әндерін орындап жүрген кореялық жігіт енді д...

Қазақ әндерін орындап жүрген кореялық жігіт енді домбыра үйреніп жүр

Мәдениет 15.05.2023, 05:58 2,117
Қазақ әндерін орындап жүрген кореялық жігіт енді домбыра үйреніп жүр
Сурет: Astanatv.kz

Сеулде Орталық Азия елдерінің көктем фестивалі өтті.


Фестиваль барысында YouTube-те қазақша ән салатын кореялық азамат домбыра тартуды үйреніп жүргені белгілі болды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Massaget.kz-тің мәліметінше, мерекеде көрермендер қазақтың ұлттық тағамдары мен ойындары, кітап және музыкасымен танысты. Келгеннің барлығы дерлік қазақ тілінде жазулары бар жейделерді тегін алды. Ашық аспан астындағы шараға қатысушылар Номад қазақ қауымдастығы дайындаған бауырсақ пен басқа да тағамдардан дәм татты. Кореялықтар табиғи өнімдерді жақсы көреді, сондықтан қазақстандық өндірушілердің балы танымал болды. Балаларға тоғызқұмалақ, асық ату ойындарымен қазақша кітаптар көрсетілді.


Былтырдан бері жергілікті тұрғындар қазақ әндерін тани бастады. Бұл - корейлық әнші Сон Вон Собтың еңбегі. Ол бірнеше заманауи қазақ шығармаларын корей тіліне аударып орындады.



Қазақстанға екі рет жасаған сапардан кейін оның репертуарында халық әні пайда болды.


"Маған домбыра сыйға тартылды. Қазір мен ол аспаппен ойнауды үйреніп жүрмін. Қазақстанға барған соң домбырамен қазақтың халық әнін жазып алуды жөн көрдім. Келесі аптада ол менің репертуарымда пайда болады", -  деді әнші Сон Вон Соб. 

Биыл – Қазақстан мен Корея арасындағы мәдени жыл. Сондықтан әр апта сайын Кореяның қалаларында қазақ музыкасы шырқалады. Келесі демалыс күндері Пусанда қазақ мәдениеті фестивалі өтеді. Оған елімізден бірнеше ансамбльмен әртістер қатысады. 


"Мақсатымыз – кореялықтарды мәдениет арқылы Орталық Азия елдері туралы аз да болса көбірек білу. Ал қазір бұл үшін барлық жағдай бар. Пандемиядан кейін барлық салада қарым-қатынастар жақсарды. Әсіресе, туризм саласында. Егер бұрын Кореядан Қазақстан мен Өзбекстанға ғана ұшатын болса, маусымда Сеул мен Бішкек арасында тікелей әуе рейсі ашылады. Біз де Сеул-Астана бағытының қайта жанданатынына үміттенеміз", - деді "Корея-Орталық Азия" ынтымақтастық форумы хатшылық басшысының орынбасары Джи Чан Сон.

Қыздар жағы қазақтың ұлттық зергерлік бұйымдарына қызығушылық танытты. Ал заманауи ұлттық киімдерді дизайнер Айдана Омарова ұсынды. Оның осы салада жүргеніне 10 жыл болған. Дизайнердің мақтадан, зығырдан және жібектен жасалған киімі АҚШ пен Еуропада танымал. Бұл – Айдананың Кореядағы алғашқы көрсетілімі.


"Коллекцияларымыз қазақы нақышта, күнделікті киіп жүруге арналған. Біз қазір тақиялар қосып жатырмыз. Ал киімді көбіне күнделікті өмірге арнайылап шығарып жатырмыз. Себебі олар өте ыңғайлы, әдемі кез келген ақ киімін болсын бір түсті киімнен үстінен кие салса киім өте әдемі болып көрінеді", - деді дизайнер Айдана Омарова.
Телеграм арнаға жазылыңыз
#Кореялық жігіт #әнші #қазақ әндері #Домбыра
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Астана ірі мәдени және мультимедиялық жобалар өтетін маңызды халықаралық алаңға айналып келеді» – көрме комиссары Ольга Риго

Бүгін 22:56

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);